AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы облысында «Алатау арланы» анықталды

Алматы облысында «Алатау арланы» анықталды

Спорт 11.05.2023, 15:00 2,283
Алматы облысында «Алатау арланы» анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

90 келіден жоғары 28 балуан қатысты


Алматы облысында жаурыны жерге тимеген балуандар белдесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Алатау арланы» деп аталған білектілер додасы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдаманы сарапқа салу үшін ұйымдастырылған.


Аталған жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.


«Алматы облысы білекті де жүректі балуандарға кенде емес. Тұңғыш "Қазақстан барысы" Ұлан Рысқұл да біздің өңірдің тумасы екені баршамызға мәлім. Былтыр «Қазақстан барысы» жобасы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар бойы Алматы облысы дүбірлі додаға өзінің апайтөс балуандарын қосып келеді. Ал, өңірдегі кіл мықтыдан кім мықты екені дәл осы «Алатау арланы» сайысында анықталады. Сондықтан қатысушыларға сәттілік тілей отырып, республикалық деңгейде Алматы облысының мерейін асқақтатын, нағыз шебер жеңіске жетсін деймін», - деді аймақ басшысы Марат Елеусізұлы.


Қонаев қаласының орталық алаңында өткен турнирге аймақтың түкпір-түкпірінен салмағы 90 келіден жоғары 28 балуан қатысты. Олардың барлығы - өз өңірлерінде үздік үштіктен көрінген спортшылар.


Айта кетейік, алыптар сайысының өтуіне Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығы мұрындық болды.


Сағаттар бойы боз кілемде белдескен балуандар облыстың дарабоздарын анықтады.
Жарыс қорытындысына келер болсақ, қарсыластарын тізе бүктірген, «Алатау арланы» атанған Қонаев қаласының атынан боз кілемде белдескен Мәди Еділбаев алтын белбеудің иесі атанып, 5 000 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Республикалық турнирде Мәди Еділбаев Алматы облысының намысын қорғайтын болады.


Ал, Еңбекшіқазақ ауданының атынан шыққан балуан Нұрғали Жолтаев екінші орын алып, 1 000 000 теңгеге сертификатка ие болса, жүлделі үшінші орынға Балқаш ауданынан келген Әлімжан Жұмахметов табан тіреді. Ол 500 000 теңгеге ақшалай сыйлыққа ие болды.


Барша жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы дипломдар табысталды.


Осылайша, облыстың арландары лайықты тұғырынан көрінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес #Балуан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);