конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім таға...

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Хабарлама 02.09.2022, 16:39 1,567
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Сурет: Inform.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен Алтай Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Аудан басшысын өңір активіне таныстыру барысында Марат Сұлтанғазиев әкімдік алдында тұрған бірқатар мәселені атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алтай Мәшікұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, оның үстіне аудан тіршілігімен етене таныс»,- деген Марат Елеусізұлы аудан әкімдігі назар аударуы тиіс шараларға тоқталды.


«Еңбекшіқазақ ауданы - аграрлық салаға ден қойған аумақ. Сондықтан, бірінші кезекте алдағы жиын-терім науқанын дұрыс өткізу қажет. Сонымен бірге, ауданға инвестор тарту жұмысын жандандыру керек. Алматы іргесінде орналасқан өңірдің әлеуеті толық пайданылмай келеді»,- деп атап өтті аймақ басшысы.



Алтай Мәшікұлы 1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық совхозында жұмысшы болып бастаған.
1980-1982 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1982-1983 жылдары Алматы облысы Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозда жұмысшы.
1988-1992 жылдары Алматы облысы Шелек ауданы «Асы» темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы.
1992-1995 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевский» асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары.
1997-1999 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевка» «Алтын диірмен» ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы.
1999-2002 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы.
2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «НАСС» ЖШС қаржы саласы директоры.
2003-2005 жылдары «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек селолық округінің әкімі.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #әкім #Досымбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:18

ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

Бүгін 14:10

Еліміздегі көлік көп жүретін ақылы жолдардың рейтингі жасалды

Бүгін 14:05

Постсекулярлы қоғам және ұлттық сана: жаңа ғылыми еңбек көпшілікке ұсынылды

Бүгін 13:57

Қазақстанда ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 14 күнге дейін қысқарды

Бүгін 13:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);