AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облыстық онкологиялық диспансерінің бұрынғы...

Алматы облыстық онкологиялық диспансерінің бұрынғы есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды

Заң мен тəртіп 19.08.2022, 08:04 1,198
Алматы облыстық онкологиялық диспансерінің бұрынғы есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды
Сурет: Tengrinews.kz

Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды.


Сот айыпталушының 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылға дейін кәсіпорынның есеп айырысу шотындағы электронды жүйеге қол жеткізіп, бас есепші қызметін атқара отырып, үшінші тұлғалардың шоттарынан бюджет қаражатын негізсіз аударып, кейін ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып келгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Алматы облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКҚК-ға 53 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы М.-ның ұрланған ақшаға жер телімін алып, ол жерге тұрғын үй салып, қымбат көліктер сатып алғаны анықталды.


Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін айтты. Прокурор тағылған айыптар бойынша оны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


Сот айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын әрі балалары барын ескеріп, жазасын жеңілдетті.



«Сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға шеттетіліп, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметінен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыстық іс #сот #қаражат жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);