AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мұғалімдері өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты...

Алматы мұғалімдері өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты» байқауында бақ сынады

Барлығы 24.12.2025, 11:15 537 Сұлу
Алматы мұғалімдері өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты» байқауында бақ сынады
Алматы Білім басқармасы
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен «Alem» Наурызбай аудандық оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты» байқауы өтті.
 
«Байқау мақсаты – атаулы күндерді және мерейтой иелерінің мұраларын насихаттау, тарихқа құрметпен қарап,  тағылымын дәріптеу. Оған Алматы қаласының 8 ауданынан (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб), Алматы облысының Қонаев қаласы мен Іле, Қарасай, Райымбек аудандарынан, Түркістан облысының Түлкібас ауданынан, Жетісу облысы, Шымкент қаласы және Жамбыл облысынан мұғалімдер қатысты. Оза шапқан әріптестердің бәрінің еңбегі салмақты, ұрпаққа берері бар», – дейді Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерсайын Молдасанов.
 
Байқаудың жеңімпаздары Алматы қаласы Білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, естелік статуэткалармен, кітаптармен  марапатталды.
 
Қазақтың ұлы ақыны  Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысында І орын №145 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне бұйырды.
Ал «Айтсын деп ақиқатты тілді берген» ақындар айтысы қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған болатын. Оның жүлделі І орнын Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсын Шынарбек иеленді.
 
«Бір шығарма ізімен» әдеби сайысының (халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай өткен іс-шарада) І орнын №69 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шыңғыс Қасымбай алды. 
 «Ғалымның хаты өлмейді» сайысы көрнекті ағартушы, тарихшы, публицист, географ, музыка зерттеуші, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткен. І орын – Іле ауданы  №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торғын Әуренбаевада.
 
Ал «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» сайысы қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған болатын. Жүлделі І орын №206 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мерей Сапарбай иеленіп, мерейі үстем болды. 
 
Екінші, үшінші орын алған ұстаздар да бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #педагог #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);