Алматы метрополитенінің қызметкерлері мен отбасы мүшелері референдумға қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
15 наурыз күні Алматы метрополитенінің қызметкерлері мен отбасы мүшелері республикалық референдумға белсенді қатысып, сағат 10:30-дағы ақпарат бойынша 1950 адам таңдау жасады. Бұл туралы Метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы метрополитені - қаладағы ең ірі көлік инфрақұрылымдарының бірі. Күн сайын жүздеген мың жолаушыны тасымалдайды.
Республикалық референдум 15 наурыз күні өтіп жатыр, барлық дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.