AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мәслихаты қаланың Бас жоспарына түзету енгі...

Алматы мәслихаты қаланың Бас жоспарына түзету енгізу жобасын мақұлдады

Алматы Бүгін 16:07 43

Алматы мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына түзету енгізу жобасын қарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжат бұған дейін кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтіп, оң қорытынды алған.

Сессия барысында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Бас жоспарға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын кезең-кезеңімен көшіру бар.

Көлік саласындағы шешімдер аудандар мен полиорталықтар арасындағы байланысты жақсартуға, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға және жеке автокөлікке тәуелділігін төмендетуге бағытталған.

«Метро, LRT және SkyTrain Қаскелең, Талғар және Құлжа бағыттарының келешегін ескере отырып, біртұтас магистральдық көлік қаңқасына біріктіріледі. Жоспарлау кезінде іргелес аумақтар мен Алатау қаласының бүкіл агломерация ауқымындағы дамуы да ескеріледі. Айналма желілерді, көлік ауыстыру хабтарын және SkyTrain секілді жүйелерді дамыту жолаушылар санын қайта бөлуге, жүктемесі жоғары бағыттарға түсетін қысымды азайтуға және қалалық мобильділіктің экологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Бейбіт Шаханов.

Бас жоспарға енгізілетін түзетулер аясында 2040 жылға дейін 276 өнеркәсіп кәсіпорнын көшіру де жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Алматының солтүстік, орталық және батыс бөліктерінде тарихи қалыптасқан, қоршаған ортаға кері әсер ететін бірқатар өнеркәсіп нысандары орналасқан.

«Бас жоспарда тұрғын аудандарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін ескере отырып кешенді дамытуға басымдық берілген. Жаңа аудандарды жоспарлау кезінде тұрғын үй құрылысы мектептер, балабақшалар, медициналық және спорт нысандары, қоғамдық кеңістіктер мен инженерлік инфрақұрылымды дамытумен қатар жүруге тиіс. Халық тығыз орналасқан және әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы бар аумақтарға ерекше назар аударылады. Бұл қаланың теңгерімді дамуын қамтамасыз етіп, тұрғын үй құрылысының жайлы өмір сүруге қажетті инфрақұрылымнан озып кетуіне жол бермеуге мүмкіндік береді», – деді Бейбіт Шаханов.

Айта кетейік, Бас жоспардың табысты іске асыру тұрғындардың өмір сапасына басымдық беретін, барынша жайлы, қауіпсіз, экологиялық және функционалды Алматыны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету кезінде тұрғындардың ұсынысы ескерілді

Бүгін 16:52

Алматыда жерді бағалық аймақтарға бөлу схемасы жаңартылады

Бүгін 16:35

Ұялы байланыс желісі жоқ жерде де байланыс қолжетімді.

Бүгін 16:31

«Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды

Бүгін 16:27

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» атом ғылымы мен технологиялары бойынша халықаралық конференциясы өтті.

Бүгін 16:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);