AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы колледждерінің студенттері әскери-патриотты...

Алматы колледждерінің студенттері әскери-патриоттық эстафетаға қатысты

Алматы құшағында Бүгін 17:09 56 yakiya
Алматы колледждерінің студенттері әскери-патриоттық эстафетаға қатысты

Алматы қаласында жастардың әскери-патриоттық рухын арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі — «Жеңіс туы — ұрпақ қолында» атты қалалық әскери-эстафета жоғары деңгейде өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған сайыс Алматы мемлекеттік бизнес колледжі базасында ұйымдастырылып, қала колледждерінің 1-курс студенттерін бір алаңға тоғыстырды. Эстафетаға 7 колледждің командалары қатысып, өздерінің ептілігі мен дайындық деңгейін көрсетті.

Жарыс бағдарламасы бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар Калашников автоматын жартылай бұзып-жинау, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, жараланған адамды зембілмен тасымалдау, пневматикалық мылтықпен нысана көздеу және оқжатарды оқпен жабдықтау сияқты тапсырмаларда бақ сынады. Әр кезең студенттердің тек физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар шапшаңдық, жауапкершілік және командалық үйлесімділігін де талап етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінің бірінде: «Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Елін сүйетін, жерін қорғайтын ұрпақ — Тәуелсіздіктің тірегі» деп атап өткен болатын. Бұл эстафета — дәл осы ұстанымның іс жүзіндегі көрінісі.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саят Қанатұлы: Біздің мақсатымыз — жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, әскери дайындыққа деген қызығушылығын арттыру. Осындай жарыстар арқылы студенттер тек жарысып қана қоймай, бір-бірінен үйренеді, шыңдалады. Бүгінгі қатысушылар — ертең ел қорғайтын азаматтар, — деп атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. І орынды Алматы мемлекеттік бизнес колледжі иеленсе, ІІ орын Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі қанжығасына байлады.

Қазылар алқасының мүшесі, Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы, аға лейтенант Қайсария Науқанов өз пікірінде: Студенттердің дайындық деңгейі жақсы. Әсіресе командалық жұмыс пен тәртіпке ерекше мән берілгені көрінеді. Мұндай жарыстар жастарды төзімділікке, жылдам шешім қабылдауға және жауапкершілікке үйретеді, — деді.

Айта кетейік, мұндай әскери-спорттық шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтып қана қоймай, олардың физикалық және моральдық тұрғыдан шыңдалуына үлкен үлес қосады. «Жеңіс туы — ұрпақ қолында» эстафетасы — ел болашағы саналатын жастардың жауапкершілігі мен дайындығын көрсеткен тағылымы мол іс-шара болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эстафета
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жанар әлемі: «Шалқар» толқынындағы шабыт

Бүгін 18:25

Алматыда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау аяқталуына 7 күн қалды

Бүгін 18:08

Алматының балалар нейрохирургиясындағы тәжірибесі халықаралық сарапшылардың назарын аударды

Бүгін 17:23

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр

Бүгін 17:00

Оқушылар Алматы академиясының музейіне экскурсия жасады

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);