Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Катардағы халықаралық туристік көрмеде үзді...

Алматы Катардағы халықаралық туристік көрмеде үздік дестинация деп танылды

Әлеумет 02.12.2024, 16:45 601
Алматы Катардағы халықаралық туристік көрмеде үздік дестинация деп танылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Qatar Travel Mart 2024 көрмесінде Алматыға 13 мың шетелдік туристі тарту жөніндегі келісімге қол қойылды

Катар астанасы Дохада өткен Qatar Travel Mart (QTM 2024) халықаралық туристік көрмеде Алматының стенді ұсынылды. Үш күндік көрмеге 60-қа жуық ел қатысып, іс-шараны 12 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы стендінде өңірдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көруге және т.б. жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Көрме қорытындысы бойынша Алматы «Ең үздік туристік бағыт» номинациясында жеңімпаз атанды.

Алматыны Visit Almaty орталығы, 6 қазақстандық туроператор және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты таныстырды. Қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында 100-ден астам B2B кездесу өткізіліп, қалаға 13 мыңнан астам шетелдік туристің келуін көздейтін 44 келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер іскерлік байланыстарды нығайтуға және Алматыдағы туристік лекті арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. 

«Біздің мақсатымыз – Алматының бай туристік әлеуетін, оның табиғи ландшафттарын, мәдени және тарихи орындарын халықаралық серіктестерге, инвесторларға және туристерге таныстыру. Көрмеде Парсы шығанағы елдерінің тұрғындары үшін негізгі туристік бағыт ретінде қаланың позициясын нығайтуға ерекше назар аударылды, себебі бұл аймақ қалаға тұрақты жоғары қызығушылық танытып отыр», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының бас маманы Алмас Ақпаев.

«Бүгінгі таңда Доха мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері бар, бұл Қазақстанмен танысқысы келетін туристер үшін сапарды айтарлықтай жеңілдетеді. Кездесулер нәтижесінде Алматыға деген қызығушылықтың арта түсетініне сенімдіміз», – деп туристік компания өкілі Айша Шәкенова мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық серіктестік орнатуға және Алматының әлемдік аренадағы орнын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. 

Көрмеге келген қонақтар Алматыны туристік бағыт ретінде жоғары бағалады. 

«Алматы – міндетті түрде барғым келетін қала. Ол туралы көптеген жақсы пікір естідім. Шамасы, бұл іскерлік туризмді, демалысты және экотуризмді тамаша үйлестіретін орын», – деді Катар азаматы Тарик әл-Кубайси.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #Qatar
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

826 жылдық еңбек өтілі және педагогтардың төрт буыны: Алматыда отбасылық әулет референдумға қатысты

Бүгін 17:56

Алматының спорт қауымдастығы республикалық референдумға белсенді қатысып отыр

Бүгін 17:54

Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдері референдумға қатысты

Бүгін 17:52

Алматыдағы Перинатология орталығында 110 науқас референдумға қатысты

Бүгін 17:51

Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина Алматыда референдумға қатысты

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика