AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы кардиологтарының хирургиялық қауіптілігі жо...

Алматы кардиологтарының хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке жасаған отасы сәтті аяқталды 

Медицина 11.12.2025, 11:16 511 Нұржамал ӘЛІШ
Алматы кардиологтарының хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке жасаған отасы сәтті аяқталды 
сурет: автордан

«Митральды жеткіліксіздікті транскатетерлік емдеудің заманауи тәсілдері. DragonFly™ жүйесі» атты мастер-класс барысында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары халықаралық мамандармен бірлесіп хирургиялық қауіптілігі жоғары 71 жастағы науқасқа митральды қақпақшаның қызметін қалпына келтіру бойынша операция жасады.

Пациент ауыр митралдық жеткіліксіздігіне және стенокардияға, 1-дәрежелі артериялық гипертонияға, инсулинге тәуелді қант диабетіне, диабеттік полинейропатияға, миокард инфарктіне шалдыққан. Оны жүрек соғуының жиілеуі және дұрыс жұмыс істемеуі, физикалық жүктеме кезінде демігу, аяғының ісінуі, жалпы әлсіздік, шаршағыштық мазалаған.

«Біз клиникалық практикаға жүрек-қан тамыр ауруларын емдеудің заманауи, ғылыми негізделген әдістерін енгізуге ұмтыламыз. Бұл технология ілеспе аурулары бар және операциядан кейінгі асқынулардың жоғары қаупіне байланысты «ашық» операция жасатуға жарамайтын пациенттер арасында Еуропаның жетекші клиникаларында жақсы нәтижесін көрсетті. Миниинвазивті операциялар ағзаға араласу көлемін және тіндердің зақымдану деңгейін барынша азайтуға мүмкіндік береді, пациенттердің тез қалпына келуіне және операциядан кейінгі кезеңнің қолайлы өтуіне ықпал етеді», – дейді Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Митральды қақпақшаны транскатетерлік жолмен қалпына келтірудің заманауи технологиялары бойынша мастер-класс барысында инновациялық DragonFly™ жүйесі қолданылды. Бұл - Қытайдағы «шетіне дейін» (TEER) принципімен митральды қақпақшаны транскатетерлік реконструкциялауға арналған алғашқы құрылғы және митральды жетіспеушілікті емдеудің клиникалық тұрғыда зерттелген интервенциялық әдісі. 

Рентгенэндоваскулярлық операция блогының меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, TEER-терапия — хирургиялық қауіптілігі жоғары науқастарда митральды қақпақша функциясын қалпына келтірудің халықаралық деңгейде мойындалған стандарты. DragonFly™ жүйесін қолдану Қазақстанда интервенциялық кардиологияны одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады және митральды жетіспеушілікті минималды инвазивті әдістермен емдеудің қолжетімділігін арттырады.
Операция сәтті өтті. Пациент өзін жақсы сезінуде.

Мастер-класс барысында митральды қақпақша жетіспеушілігін диагностикалау және емдеудің өзекті тәсілдері ұсынылды, DragonFly™ жүйесінің конструкциялық ерекшеліктері көрсетілді, клиникалық жағдайлар және технологияны нақты тәжірибеде қолдану ерекшеліктері талқыланды. TEER технологиясының тиімділігін растайтын клиникалық деректерге шолу жасалды. Отандық және шетелдік мамандар тәжірибе алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика