AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы жолдарында мас жүргізушілер анықталып, жауа...

Алматы жолдарында мас жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды

Заң мен тəртіп 04.06.2025, 15:00 685 dulatbekova
Алматы жолдарында мас жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі жариялаған профилактика жылы аясында Алматы қаласының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп деңгейін арттыру, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Профилактикалық жұмыс заңдылық, ашықтық және адам өмірінің басымдығы қағидаттарына негізделеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Іс-шара басталғалы бері Алматы қаласында жол қозғалысы саласында 52 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. 

Жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында:

• Маневр жасау ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі;

• Қарама-қарсы бағытқа шығудың 222 жағдайы;

• Бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өтіп кетудің 453 дерегі;

• 439 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталды;

• Жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарған 2 мың 162 жүргізуші;

• 2775 көлік айыппұл тұрағына қойылды, оның ішінде 935 мопед бар.

Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

— Жолдағы әрбір құқық бұзушылық — бұл әлеуетті қайғылы жағдай. Біздің шараларымыз тек құқық бұзушыларды анықтауға емес, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жол қозғалысы ережелері – бұл жай ғана формалдылық емес, сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің нақты кепілі. Барша жол қозғалысына қатысушыларды Заңды сақтауға және жолда бір-біріне құрметпен қарауға шақырамын, — деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мас жүргізушілер #жауапқа тарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);