Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы жастары үшін жұмысшы мамандықтар туралы қыс...

Алматы жастары үшін жұмысшы мамандықтар туралы қысқаметражды фильмдер түсірілді

Мәдени Алматы 29.01.2025, 11:41 804
Алматы жастары үшін жұмысшы мамандықтар туралы қысқаметражды фильмдер түсірілді
Жастар саясаты басқармасы

Алматыда Жастар саясаты басқармасы мен қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен «One day life» қысқаметражды фильмдер сериясының премьерасы өтті. Жоба Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қысқаметражды фильмдер еңбегі мен табандылығы арқылы өмірдің қиындығын жеңіп, жетістікке жеткен адамдардың шынайы оқиғаларын баяндайды. 

«One day life» жобасы жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және түрлі саладағы еңбектің маңыздылығын көрсетуге арналған.

«Бұл жоба креативті әрі мақсатшыл жастар үшін жаңа шабыттың символына айналары сөзсіз. Осындай бастамалар арқылы біз маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп қана қоймай, әркім өзін көрсете алатын шығармашылық орта қалыптастырамыз», – деді ұйымдастырушылар. 

Премьераға жастар, білім беру мекемелерінің өкілдері және жастар ұйымдары қатысты.

«One day life» жобасының әрбір қысқаметражды фильмі құрылысшылар мен медбикелерден бастап, аспаздар мен инженерлерге дейінгі әртүрлі жұмысшы мамандық иелерінің бір күндік өмірін көрсетеді. Көрермендер кейіпкерлердің кәсіби өмірін ғана емес, олардың еңбегінің қоғамға тигізетін әсерін де көреді.

Жоба авторлары оқиғаларды баяндап қана қоймай, еңбекке деген құрметтің маңыздылығын және қоғамның дамуындағы жұмысшы мамандықтарының рөлін көрсетуді мақсат тұтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#One day life #жұмысшы #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Кеше 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика