AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматы жастары референдумды қолдауға шақырды

Алматы жастары референдумды қолдауға шақырды

Референдум - 2022 11.05.2022, 15:35 1,304 Almaty-akshamy
Алматы жастары референдумды қолдауға шақырды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жастар үндеу жасады


Алматыда жастар ұйымдары 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты «Дөңгелек үстел» өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жиынға барлық белсенді Алматы жастары және әртүрлі ұйымдардың төрағалары қатысты. Атап айтқанда, қала аудандарының жастар ресурстық орталық өкілдері, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымының басшысы, «Қазақстан еріктілер лигасының» төрағасы, «Qamqor» қоғамдық қорының төрағасы, «Ассамблея жастар» ұйымының мүшелері, «G38» қозғалысының өкілдері және басқа да ұйымдардың атынан белсенді азаматтар қатысты.




Іс-шараға қатысушылар референдумға байланысты ойларын ортаға салып, оның маңызы мен мәнін талқылады. Ұйым басшылары жастар мен жалпы халық арасында референдум жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізудің өзектілігіне аса мән берді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері өзара байланыс орнатып, біріге жұмыс істеудің маңызына да тоқталды. «Дөңгелек үстел» басында пікір алмасқан соң жас белсенділер ортақ пікірге келді.



«Біз – Алматы жастарының, азаматтық қоғамның белсенді өкілдері – Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум аясында жалпыхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз. Біз барлық алматылықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырамыз», – деп жастар ұйымдары бірігіп, Алматы халқына үндеу жасады.



Ақпараттық материал «Республикалық референдум жөніндегі» ҚР Заңының  7 бабы 2 тармағы бойынша "Qamqor Charity" ҚҚ тапсырысымен жарияланды. 


Жауапты тұлға – Анарбаева Б.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика