конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қай...

Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды

Алматы Бүгін 13:00 43
Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды
Алматы әкімдігі

Ипподром шамамен 3 мың көрерменге және 300-ге жуық жылқы ұстауға есептелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды. Бұдан былай қалалық ипподром тарихи және спорттық мақсаттағы біртұтас нысан ретінде сақталады. Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында ипподром аумағы тиісті функционалдық аймаққа бекітілген. Оны өзгерту жоспарда жоқ. Жер телімінің де ипподромды пайдалану және оған қызмет көрсетуге арналған нысаналы мақсаты сақталады.

Алдағы уақытта ипподромды кешенді дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Оның спорттық қызметін қалпына келтіру, инфрақұрылымын жаңғырту, трибуналарын, ат қораларын, спорт жолдарын және инженерлік желілерін жаңарту жоспарланып отыр.

Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде заманауи спорт инфрақұрылымына қойылатын талаптар ескеріледі. Нысан өзінің негізгі мақсатын және қалалық әрі республикалық жарыстар өткізу мүмкіндігін сақтауға тиіс.

Қазіргі уақытта кешен қатты тозып кеткен, сондықтан оны қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Алматы ипподромы 1930 жылы құрылған және Қазақстан мен Орталық Азиядағы жылқы шаруашылығы мен ат спортына арналған байырғы нысандардың бірі саналады. Оның аумағы 39,1 гектар. Тарихи тұрғыдан ипподром шамамен 3 мың көрерменге және 300-ге жуық жылқы ұстауға есептелген. Күрделі жөндеу жұмыстары 1965 және 1985 жылдары жүргізілген. 1990 жылдардағы жекешелендіру нәтижесінде ипподром мемлекеттік меншіктен шығарылды. 2001 жылы «Ипподром» АҚ банкрот болғаннан кейін мүліктік кешен жеке құрылымдарға сатылып кеткен еді. Бұл қоғам белсенділері, атбегілер мен ат спорты жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Ипподромды қалалық коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселе қоғам тарапынан әлсін-әлсін қозғалып жүрді.

Ипподромның коммуналдық меншікке қайтуы оны кезең-кезеңімен қалпына келтіруге және Алматыда ат спортын одан әрі дамыту үшін нысанды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Жалпы, ипподромды қалалық коммуналдық қызметке қайтару процесі біршама ұзақ уақытқа созылып, тек, биыл ғана жүзеге асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ипподром
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді

Бүгін 12:14

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Бүгін 11:28

Қазақстанда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде

Бүгін 11:02

Бір тәулікте Алматыда 2 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Бүгін 10:03

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);