AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы хореографиялық училищесінің студенттері - х...

Алматы хореографиялық училищесінің студенттері - халықаралық балет әртістері байқауының жеңімпазы

Мәдени Алматы 18.12.2024, 09:40 1,145
Алматы хореографиялық училищесінің студенттері - халықаралық балет әртістері байқауының жеңімпазы
Сурет: Gov.kz

2024 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында А. Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында көрнекті қырғыз бишісі әрі балетмейстері Уран Сарбагышевтың 90 жылдығына арналған «Улуу-Элес» І Халықаралық балет әртістері байқауы өтті.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат минист рлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оған Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония және Қырғызстаннан келген балет әртістері, хореографиялық оқу орындарының студенттері мен балетмейстерлері қатысты.

Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:

1 орын – Амина Батаева

2 орын – Ақбота Абылқасенова

3 орын – Томирис Ақын мен Алихан Нақысхожаев.

Дипломанттар:

Ирина Беккер, Анастасия Петина, Алишер Қасымхан, Арсен Ермеков.

Ерекше марапат – Роберт Уразғильдеев пен Инга Левченко атындағы жүлде, оны Бубусара Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті тағайындаған. Бұл жүлдені Ирина Беккер мен оқытушы – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Людмила Мунсекқызы Ли иеленді.

Байқау балет өнерін дамыту мен насихаттауға, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдауға, балет әртістерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ балет саласындағы халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балет әртістері байқауы #Алматы хореографиялық училищесі #студенттер #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);