AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бой...

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Алматы 19.04.2026, 15:10 315 Сұлу
Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты
Алматы әкімдігі

19 сәуірде Алматыда тоғызыншы Almaty Half Marathon өтіп, оған әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты. «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған жартылай марафон дәстүрлі түрде Қазақстандағы ірі жүгіру маусымының бастауын білдіреді. Биыл Алматыға 44 елден 900-ге жуық желаяқ келіп, тоғыз жыл ішіндегі шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 19 сәуірде өткен Almaty Half Marathon-ға 44 елден 10 000-нан астам адам жиналды. Жарыс тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың дені қазақстандық болғанымен, жыл сайын қатысушылар географиясы кеңейіп келеді. Биыл жарысқа 821 шетелдік спортшы (жалпы санының шамамен 8%-ы) арнайы қатысу үшін Алматыға келді.

Ең көп қатысқан елдердің үштігі: Ресей (346), Қырғызстан (146) және Өзбекстан (81). Сонымен қатар Қытай (37), АҚШ (32), Ұлыбритания (28), Украина (21) және Беларусь (18) елдерінен де қатысушылар болды. Бұл дода Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген желаяқтарды біріктіріп, Алматының халықаралық жүгіру картасындағы маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Спорттық туризм – қаланы халықаралық деңгейде танытудың ең тиімді құралдарының бірі. Сондай-ақ, жүгірушілер көбіне жалғыз келмейді: олармен бірге отбасы мүшелері мен достары да келеді, бұл өз кезегінде туристер санын арттырады. Көптеген шетелдік қонақ үшін бұл жарыс Қазақстанмен алғашқы таныстыққа айналып, қайта оралуға себеп болады. Біздің зерттеуімізге сәйкес, басқа қалалардан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа сапарлар мен қаланың инвестициялық тартымдылығының артуын білдіреді», – деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Ұйымдастырушылар экологиялық талаптарға ерекше назар аударады: бір реттік материалдарды пайдалануды азайтып, старттық жиынтықтағы баспа өнімдерінен бас тартып, қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялармен ынтымақтасады. EcoNetwork серіктесі мәреде интерактивті экологиялық аймақ ұйымдастырып, жарыс бағыты бойында пластик қалдықтарды жинауды қамтамасыз етті. Жиналған қалдықтардың барлығы қайта өңдеуге жіберіледі.

Сондай-ақ, сөре алдында қатысушылар қажетсіз, бірақ жарамды қалың киімдерін қалдыра алды – «Жылу» жобасының командасы оларды жинап, сұрыптап, мұқтаж жандарға жеткізді.

Almaty Half Marathon қатысушылар үшін бұрынғыдан да жайлы бола түсті: мәреге жету аймағында ана мен бала бөлмесі бар, бөлек санитарлық тораптар ұйымдастырылып, ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы дәретханалар орнатылды. Бұл тәжірибе Қазақстандағы жүгіру жарыстарын ұйымдастырушылар арасында алғашқылардың бірі болып енгізілді.

Айта кетейік, 31 мамыр күні өтетін Astana Half Marathon жарысына тіркелу жалғасуда. Бұл іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен жүгіру әуесқойларын біріктіреді.

Сонымен қатар 2026 жылы 27 қыркүйекте өтетін 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon-ға да тіркелу ашық. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы.

Almaty Half Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:46

Никос Христодулидис Астанаға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын жеткізді

Бүгін 16:44

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 16:25

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

Бүгін 16:20

Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);