AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty Half Marathon 44 елден 10 000-нан астам қат...

Almaty Half Marathon 44 елден 10 000-нан астам қатысушыны біріктіріп, «Таза Қазақстан» акциясымен үндесті

Алматы 19.04.2026, 14:17 275 Сұлу
Almaty Half Marathon 44 елден 10 000-нан астам қатысушыны біріктіріп, «Таза Қазақстан» акциясымен үндесті
Алматы әкімдігі

Алматыда 19 сәуірде тоғызыншы Almaty Half Marathon өтіп, оған әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам желаяқ қатысты. Ауқымды спорттық іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстандағы ірі жүгіру маусымының шымылдығын түріп, қаланың халықаралық спорттық туризм орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.fkvfns

Биыл жартылай марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты: жарысқа 800-ден астам шетелдік спортшы қатысты. Әсіресе, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген желаяқтар саны көп болды. Сонымен қатар Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Беларусь және Еуропа, Азия, Америка мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінен жарыс жолына шықты.

Ұйымдастырушылар — «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының мәліметінше, жыл сайын қатысушылар ауқымы кеңейіп, марафон әлемнің түкпір-түкпірінен жүгіру әуесқойларын басын қосатын маңызды алаңға айналып келеді.

Спорттық сайыспен қатар, іс-шара аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына орай экологиялық акция да ұйымдастырылды.

Жарыс бағыты бойында және мәреге жету аймағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы орын ұйымдастырылып, экологиялық мазмұндағы интерактивті аймақтар жұмыс істеді. Жиналған қайта өңделетін қалдықтар EcoNetwork серіктесінің қолдауымен өңдеуге жіберілді.

Ұйымдастырушылар қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға айрықша көңіл бөліп, бір реттік материалдарды қолдануды қысқартып, баспа өнімдерінің бір бөлігінен бас тартты. Сонымен бірге, тұрақты әрі жауапты тұтыну мәдениетін енгізуге басымдық берілді.

Марафон аясында «Тепло» қайырымдылық бастамасы да өткізіліп, қатысушылар қалдырған жылы киімдер жиналып, сұрыпталып, мұқтаж жандарға табысталды.

Алматы қаласы спорт басқармасының хабарлауынша, мұндай ауқымды шаралар бұқаралық спортты дамытуға ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да зор ықпал етеді. Бұл — «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаттарымен толық үндеседі.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жайлылығын да назардан тыс қалдырмады: мәреге жету аймағында ана мен балаға арналған арнайы бөлме жасақталып, бөлек және инклюзивті санитарлық аймақтар қарастырылды.

Almaty Half Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 16:46

Никос Христодулидис Астанаға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын жеткізді

Бүгін 16:44

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 16:25

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

Бүгін 16:20

Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);