Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөл...

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Спорт Бүгін 14:54 36
Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 19 сәуірде «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.
19 сәуірде жартылай марафон өткізілуіне байланысты сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін учаскелерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.
 
Almaty Half Marathon 2026: жолдардың жабылу кестесі
2026 жылғы 19 сәуір
00:00–11:00
Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін)
Оңтүстік жағы ашық болады
06:45–09:45
Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
07:10–09:05
Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)
08:30–10:20
Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)
Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады
08:50–11:15
Абай даңғылы (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)
Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады
07:20–09:15
Абай даңғылы (Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін)
Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады
 
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жетудің ұсынылған бағыттары:
1) Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
2) Науаи көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
3) Садықов көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
4) Дулати көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
5) Саин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
6)          Розыбакиев көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.
 
Жолдардың жүктемесіне байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жету ұсынылады. Жолдың жабылуын ескере отырып, ең тиімді бағытты 2ГИС қосымшасынан көруге болады. Сөре аймағында (Тұңғыш Президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмағанын ескертеміз.
 
Жарысқа қатысушылар тау бөктеріндегі Алматының әсем көшелерімен жүгіріп өтеді. Сөре әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталып, мәре Орталық стадионда аяқталады.
Жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Қатысушылардың дені Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келеді. Жалпы қатысушылар географиясы Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Аустралия және Африка құрлықтарын қамтиды. Олардың қатарында Франция, Германия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония, Аустралия және Оңтүстік Африка елдері бар.

Жарысты ұйымдастырушы – 2012 жылдан бері Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасы – AlmatyMarathon және басқа да бұқаралық жарыстарды өткізіп келе жатқан «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры. Қор жарыстары 115 елдегі 445-тен астам жарысты біріктіретін AIMS халықаралық марафондар және жүгіру жарыстары қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген, ал жартылай марафон бағыты WorldAthletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Айта кету керек, қор ұйымдастыратын іс-шаралар қала экономикасына оң әсерін тигізуде. 2024 жылғы «Almaty Marathon-ның қала экономикасына әсері» зерттеуіне сәйкес, бұл жарыс айтарлықтайэкономикалық нәтиже береді. Марафон өтетін екі күнде шамамен 1 000 қатысушы 8 млн теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Ал серіктес компаниялардың салық түсімі соңғы төрт жылда 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін артқан. Қалада тұрақты жүгіру экожүйесі қалыптасқан: бүгінде Алматыда 40-қа жуық жүгіру клубы жұмыс істейді. Тамақтану, медицина және спорттық жабдықтар салаларындағы инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді.
Almaty Marathon халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып отыр. Ол Mastercard пен Almaty TourismBureau дайындаған қаланың туристік әлеуеті туралы талдауға енгізілген, онда ірі іс-шаралардың туристерсаны мен шығындарының өсуіне әсері айтылған.
Биыл Almaty Marathon 27 қыркүйекте өтеді, оған 16 мың адамға дейін қатысады. Тіркеу жарналарының бір бөлігі қайырымдылыққа бағытталып, 2012 жылдан бері жалпы құны 300 миллион теңгеден асатын 30-дан астам әлеуметтік және медициналық жоба жүзеге асырылған. Жарысқа қатысу үшін almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады.
Басталу уақыты:
07:00 – 10 км қашықтықтың және скандинавиялық жүрістің басталуы
08:15 – 21 км қашықтықтың, Элита мен Экиденэстафетасының басталуы
 
Бас демеуші: Kaspi.kz
Almaty Half Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Ұйымдастырушылар:
 «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Бүгін 15:26

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика