Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қо...

Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты

Барлығы 14.05.2025, 16:50 890
Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты
Сурет: Gov.kz

78460 әскери бөлімі мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі өтті.

Өткен көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің жүзден астам сарбазы үйлеріне қайтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Салтанатты жағдайдағы шығарып салу рәсімі, Жауынгерлік тумен қоштасу және командирлердің ізгі тілектері жауынгерлердің есінде қалмақ.  

Әскери қызметшілерге Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйледі.

– Дәл бір жыл бұрын мен сендердің ант бергендеріңе куә болдым. Қызмет барысында біз достасып, жақын туыстардай болып кеттік. Азаматтық өмірде әрқайсыңа сәттілік тілеймін, – деп атап өтті ол.

Үлгілі әскери тәртібі мен жауынгерлік дайындықтағы жақсы көрсеткіштері үшін бірқатар сарбаздарға кезекті әскери атақтар берілді, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

 – Сендер әскерде тәртіпке бағынып, әскери білімге үйрендіңдер. Сол арқылы Отанды қорғауға дайын саналы адам болып қалыптастыңдар, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар арасында мотивацияны арттыруға бағытталған «Срочники 2.0» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударып отыр. Соның арқасында сарбаздар грантпен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы бұл жоба тегін оқытумен қатар жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #гарнизон #сарбаздар #Жауынгерлік ту #үйге қайту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика