Алматы – еліміз бойынша театры ең көп қала

Алматы – еліміз бойынша театры ең көп қала Сурет: Ашық дереккөзі

Театрлардың негізгі үлесі – драма театрлар


Алматы қаласы еліміздегі театрлардың ең көп шоғырланған жері. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бюро мәліметінше, 1932 жылы елімізде тек 2 театр жұмыс істеген. 4 жылдан кейін олардың саны 24-ке жетеді.



«Бүгінгі таңда Қазақстанның 65 театрында қойылымдар сахналанады. Оның 10-ы – жекеменшік. Театрлардың көп бөлігі Алматыда шоғырланған, онда 18 театр жұмыс істейді. Астанада 9 өнер үйі бар, ал Шымкентте – 6. Театрлардың негізгі үлесі – драма театрлар. Олардың саны – 36. Қазақстан бойынша 4 опера және балет театры бар, музыкалық театрлардың саны да дәл сонша. Жас көрермендер үшін 6 театр және тағы 9 қуыршақ театры бар», - делінеді хабарламада.



Бұдан бөлек, театрға келушілердің көпшілігі де Алматыда.



«2021 жылы театрларда 2 565 қойылым көрсетілді. Оның 319-ы жаңадан сахналанған. Өткен жылы әртістердің ойынын 1 172 718 көрермен тамашалаған. Ал, көрерменнің басым бөлігі Алматы (278,3 мың адам), Астана (211,3 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысының (137,2 мың адам) театрларында болды», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35