AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы дәрігерлері омыртқаға күрделі ота жасады

Алматы дәрігерлері омыртқаға күрделі ота жасады

Медицина 05.11.2022, 06:25 1,582
Алматы дәрігерлері омыртқаға күрделі ота жасады
Сурет: Inform.kz

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен 45 жастағы әйел белі мен сегізкөзі қатты ауыратынын айтып шағымданған. Бел омыртқасының ауырып жүргеніне 2 жыл болыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Дәрігерлер оны тездетіп аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады. Тексеру барысында бел омыртқаның (L3) оң жағында экстрадуралды ісік бары анықталды.



«Экстрадуралды ісік жұлын сыртындағы қатты қабықтан тысқары жерде пайда болады. Кейде ісіктің бұл түрі омыртқалардың арасындағы тесік арқылы да таралуы мүмкін. Оның таралу аумағы мен жылдамдығы ісіктің түріне байланысты әртүрлі. Бұл жолы пациенттің омыртқасындағы ісікті тез арада алып тастау қажет болды», - дейді Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.



Мамандар нейромониторинг әдісін пайдалана отырып, ісікті хирургиялық ультрадыбыстық аспиратордың көмегімен кесіп алып тастады. 3 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.




Операция сәтті өтті, қазір пациенттің жағдайы жақсы, хирургиялық манипуляциядан кейін жүйке жүйесінде ешқандай ауытқушылық пайда болған жоқ.


Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай ісіктер ағзадағы ақаулар мен өзгерістерге, қоршаған ортадағы жағымсыз факторлардың организмге кері әсеріне байланысты туындайды. Сонымен қатар мамандар оның тұқым қуалайтынын да жоққа шығармайды.


Ауру белгілері де ісіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады. Көбіне бел омыртқа тұсы отырғанда да, жатқанда да ауырады, кейде ауырсыну сезімі арқаға, аяқ пен қолға беріледі. Ісік болуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда невропатологтар магнитті-резонанстық немесе компьютерлік томографияға, кей жағдайда биопсияға жолдама береді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана #ота #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);