конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Алматы 16.06.2026, 15:18 289 yakiya
Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Сіздер менің жұбайыма екінші өмір сыйладыңыздар» — дәл осы сөздермен науқастың жұбайы жедел медициналық жәрдем қызметі мен Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне алғысын білдірді. Дәл сол сын сағатта олардың кәсібилігі мен жедел әрекеті науқастың өмірін сақтап қалды.

Науқасты құтқаруға жедел медициналық жәрдем дәрігері Сейіл Алмабеков, сондай-ақ №7 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары қатысты: интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Анартаев, интервенциялық кардиологтар Данияр Қайралиев, Мұхтар Нұрақбай және реанимация бөлімшесінің дәрігерлері.

Барлығы 103 қызметіне түскен шақыртудан басталды. Ер адам кеуде тұсындағы ауырсыну мен жайсыздыққа шағымданған. ЭКГ-да айқын өзгерістер болмағанына және науқастың жағдайы сырттай тұрақты көрінгеніне қарамастан, жедел жәрдем дәрігері Сейіл Алмабеков жедел коронарлық синдромға күдік келтіріп, шұғыл түрде ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады.

Тасымалдау барысында науқастың жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалды. Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық іс-шараларды бастап, жүрек қызметін қайта қалпына келтірді.

Науқас шұғыл түрде №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Мұнда дәрігерлер оған коронарлық артериялардың көптамырлы ауыр зақымдануы аясында жедел миокард инфарктын анықтады. Интервенциялық кардиологтар жедел араласу жүргізіп, зақымданған тамырдағы қан ағымын қалпына келтірді.

Кейінгі емдеу бірнеше кезеңмен жалғасты. Мамандардың жоғары кәсібилігінің, заманауи технологиялардың және дұрыс таңдалған ем тактикасының арқасында жүректің қанмен қамтамасыз етілуі толық қалпына келтіріліп, науқас қалыпты өмірге оралды.

Қазақстандық дәрігерлер күн сайын дәлелдеп келеді: ең қиын жағдайлардың өзінде де жанында нағыз кәсіби мамандар болса, өмірді сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» Алматы – Бішкек автожолында күрделі жөндеу жұмыстарын бастады

Бүгін 12:30

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 11:15

Испания әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:42

Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Бүгін 10:21

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);