AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы бюджеті нақтыланды: 57,7 млрд теңге қай бағ...

Алматы бюджеті нақтыланды: 57,7 млрд теңге қай бағыттарға жұмсалады

Экономика Бүгін 15:15 45
Алматы бюджеті нақтыланды: 57,7 млрд теңге қай бағыттарға жұмсалады
Almaty.tv

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық мәслихаттың 51-сессиясында бюджет нақтыланғанын мәлімдеді. Жиында шаһар басшысы мен депутаттар мегаполис бюджетін нақтылау аясында қолда бар 57,7 млрд теңгені басым бағыттарға қайта бөлу мәселесін қарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бюджет қайта қаралды

Алматы қалалық мәслихатының 51-сессиясында шаһар бюджеті қайта қаралып, қала қазынасындағы қолда бар қаржы мегаполистің бүгінгі қажетіне сай басым бағыттарға жұмылдырылатыны айтылды. Ішкі қайта бөлу арқылы 57,7 млрд теңге әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Бұл туралы мәслихат мінберінде сөз алған қалалық Экономика және қаржы басқармасының басшысы мәлімдеді. Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қаражаттың қомақты бөлігі білім саласына бағытталмақ. Сондай-ақ медициналық инфрақұрылымды жетілдіріп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыруға да қаржы қарастырылып отыр.

«Медициналық инфрақұрылыммен қатар кадр тапшылығын азайту мәселесі де шешілуде. Сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша 120 резидентті даярлауға 154,1 млн теңге бөлінеді. Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жалғастыруға 700 млн теңге бағытталады. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған», – деді Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов.

Көлік инфрақұрылымына назар аударылады

Сонымен қатар мәслихат отырысында қала қазынасының келесі қомақты бөлігі Алматының көлік күретамырын кеңейтуге бағытталатыны айтылды. Жыл соңына дейін «Қалқаман» метро стансасын іске қосу жұмыстарына 1,1 млрд теңге бөлінбек. «Қалқаманнан» «Барлыққа» дейінгі жаңа учаскенің құрылысына жергілікті бюджеттен 243,3 млн теңге, ал Инфрақұрылымды дамыту қорынан 45 млрд теңге қарастырылмақ.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Жаңа Құрылтайдың жұмысымен бірге Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Осы орайда қалалық инфрақұрылымның озық дамуын қамтамасыз ету және қаланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды жобаларды іске асыру маңызды», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жол инфрақұрылымы дамиды

Қала бюджетіне енгізілген өзгерістер жол инфрақұрылымын дамытуға да серпін бермек. Рысқұлов даңғылын қала шекарасына дейін ұзартуға 5 млрд теңге, ал Райымбек даңғылын Шығыс айналма автомобиль жолына дейін жеткізуге тағы 5 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, мәслихаттың 51-сессиясында қайта сараланған қаржы басталып қойған жобаларды аяқтап, тұрғындарға оның нақты нәтижесін сезіндіруге бағытталып отыр.

Мәди Мәлік. Ернат Болатбек

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл соңына дейін «Қалқаман» метро бекетін ашу жоспарланып отыр

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектептер, медициналық нысандар мен спорт инфрақұрылымының құрылысы жалғасады

Бүгін 16:02

Алматыда жыл соңына дейін жаңа мектептер мен дәрігерлік амбулатория ашылады

Бүгін 15:23

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін 14:15

Қазақстанда бір апта ішінде картоп, пияз және қырыққабат бағасы төмендеді

Бүгін 13:59

Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

Бүгін 13:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);