AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы бойынша қанша діни ағым тіркелген?

Алматы бойынша қанша діни ағым тіркелген?

Барлығы 29.07.2025, 11:24 632 Сұлу
Алматы бойынша қанша діни ағым тіркелген?
сурет: aqshamnews.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

Алматы бойынша тіркелген діни ағымдар 

Заңда көрсетілген түсініктемеге сәйкес, діни бірлестік дегеніміз – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі.

Бүгінгі таңда қала аумағында 17 конфессияның атынан тіркелген діни бірлестіктердің саны 192 бірлікті құрайды, оның ішінде 118 діни ғимарат (54 мешіт, 20 православтық шіркеу мен собор, 2 католиктік приход, 1 синагога, Вон-буддистік конфессияның 1 діни ғимараты, протестанттық конфессиялардың 35 діни ғимараты, 4 - Ехоба куәгерлері, 1 - Новоапостол шіркеуі) бар.

2024 жылдың басынан бері қала аумағында жаңа діни бірлестіктердің тіркелуі бойынша ақпарат Алматы қаласы бойынша Әділет департаментінен келіп түскен жоқ.

Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату бойынша мониторинг қалай жүргізіледі?

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» № 483-ІV заңының  5-бабына сәйкес, басқарма өңірдегі діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүзеге асырып, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Заңның 5-бабының 1-тармағы 7-тармақшасына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жайларды жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.

Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

Осы орайда, басқарма тарапынан тұрақты түрде діни әдебиет пен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарататын орындарға мониторинг жүргізіліп, Заң талаптарына сай дінтанулық сараптамадан өтуін қадағалау жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Заңда көрсетілген орындардан тыс жерлерде діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарату фактісі орын алған жағдайда құқық қорғау органдарымен бірлесе 
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес, іс қозғалып, хаттама толтырылады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері Заң талаптарын сақтамай діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратқан қаланың 2 тұрғынына қатысты 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #діни ағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);