Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды

Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды

Әлеумет 04.12.2024, 12:24 754
 Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы алдын ала ақпарат бойынша Алматы бюджетінің 41%-ын әлеуметтік салаға бағыттауды жоспарлап отыр.

Алматыда 2025 жылы бюджет жобасында әлеуметтік салаға 806,1 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл алдын ала ақпарат бойынша қала бюджеті шығыстарының 41% -ын құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Aлматы қаласының Мәслихатына cілтеме жасап. 

Әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайтудың болжамды өсуі 8,7% -ды құрайды. 2024 жылы әлеуметтік салаға 741,2 млрд., 2023 жылы 664,5 млрд. бағытталды. 

2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қабылдау қарастырылуда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәслихаттың келесі отырысында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту мәселесі қаралатын болады. 

Мәслихаттың алдын ала ақпараты бойынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2025 жылы 2,6 есеге - 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ 1326 дәрігер мен медициналық персоналды оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылады. Жаңа бюджеттен қаражаттың бір бөлігі Бостандық ауданында 500 адам қабылдайтын №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының, екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның және жаңа емхананың құрылысын аяқтауға бағытталады. Қалалық медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен, оның ішінде вакциналармен және иммунопрофилактикалық препараттарымен қамтамасыз етілетін болады. Сирек кездесетін аурулары бар 4 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмектермен қамтылады.  

2025 жылы жедел жәрдемнің автопаркін жаңарту жалғасады, ол үшін 50 автокөлік сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары 20 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді, оның ішінде он нысанды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр және 30 жаңа және ескі денсаулық сақтау нысандарын жобалау жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика