AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы - білім орталығы: қалада жаңа студенттік жа...

Алматы - білім орталығы: қалада жаңа студенттік жатақхана ашылды

Барлығы 28.08.2025, 10:16 669 Сұлу
Алматы - білім орталығы: қалада жаңа студенттік жатақхана ашылды
Алматы әкімдігі

Алматыда 250 орындық жаңа заманауи студенттік жатақхана ашылды. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынған. Бұл мегаполистегі студенттік инфрақұрылымды дамытуға арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі әрі Алматының өңірдегі жетекші білім орталығы ретіндегі мәртебесін кезең-кезеңімен нығайтып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Жатақхана толықтай қазіргі стандарттарға сай. Ғимаратта студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейнабақылау жүйесі орнатылған. Әр бөлмеде жеке санитарлық торап, тұрмыстық техника және өздігінен ас әзірлеуге арналған жабдықтар қарастырылған. Мұнда тек тұруға ғана емес, сонымен қатар оқуға және демалуға да жағдай жасалған. Осылайша жаңа тұрғын орындары студенттер үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз орта ұсынады.

Алғашқы студенттердің легі қоныстана бастады. Бұл жатақханада бірден үш ірі жоғары оқу орнының жастары тұрады: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тұран» университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ).

– Алматыда жаңа студенттік жатақхананың ашылуы – студенттерге қолайлы оқу мен тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасын орындаудағы маңызды қадам. Біз бүгін орын тапшылығы мәселесін шешіп қана қоймай, жастарымыздың болашағына әрі қаланың дамуына қызмет ететін заманауи инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз, – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Мұндай жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Бүгінде екі тетік жұмыс істейді: жаңа жатақхана салған жағдайда алты жыл бойы әр студентке 230 АЕК көлемінде шығын өтеледі, ал ғимаратты қайта жаңғыртқан жағдайда сегіз жыл бойы 92 АЕК көлемінде төлем қарастырылған.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін Алматыда тағы үш заманауи жатақхана ашылады. Олардың жалпы сыйымдылығы 1100-ден астам орынға есептелген. Жыл соңына дейін 15 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 6 мыңнан астам студент қосымша орынмен қамтылады.

Қазіргі таңда қалада 120-дан астам жатақхана және шамамен 60 хостел жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі студенттерді уақытша орналастыру бағдарламасына тартылған. Әр жоғары оқу орнында студенттердің тұрмыстық мәселелері мен шағымдарын қабылдайтын жедел орталықтар бар.

Жаңа жатақхананың ашылуы Алматының студенттік баспана мәселесін шешудегі тағы бір нақты қадамы болды. Қала тек ағымдағы қажеттіліктерді жедел қамтамасыз етіп қана қоймай, болашаққа да орын қорын қалыптастырып отыр.

Алматы дәлелдеп отыр: біздің қалада студент болу – жайлы әрі заманауи ортада оқу, өмір сүру және болашақ құру деген сөз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім орталығы #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);