AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Алматы барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Алматы барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Спорт 13.06.2022, 09:49 1,225
«Алматы барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды
Сурет: Qazaqstanbarysy.com

Бұл жарыс былтырғы жарыстармен салыстырғанда өзгеше өтті.


Қазақ күресінен «Алматы барысы-2022» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


30 спортшының арасында өткен сайыста бозкілемге «Қабанбай» деген лақап атымен шыққан Ерасыл Жанатаев топ жарды. 2-орын Ерсұлтан Жорабекке бұйырса, үздік үштіктен Ернар Мағауинов көрінді. Бұл жарыс былтырғы жарыстармен салыстырғанда өзгеше өтті. Қазақ күресіне енген жаңа ережелерге байланысты бүк ұпайы алынып тасталды. Енді палуандар тек таза және жартылай жеңіс, жамбас әдістері арқылы ғана жеңіске жете алады.



«Бұл енді қазіргі қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдердің динамикасын арттыру үшін істеліп отырған ереже. Бұл жерде негізінен палуандар күрестің динамикасын күшейтеді. Бір сөзбен айтқанда, әдістер көбірек қолданылады», – деді бас төреші Еркін Сайдақов.



«Қазақстан барысы» турнирінің ақтық кезеңі 3 шілдеде елордада өтеді деп жоспарланып отыр. Оған әр өңірден іріктеулерде 1 және 2 орын алған спортшылар қатысады. Аталмыш сайыстың 3 дүркін жүлдегері Руслан Әбдіразақов бүгінде жастар арасындағы бәсекелестік жоғары екенін айтады. 



«Өзім осы 2 шәкірт дайындап едім. Олар дзюдомен айналысады. Қазақ күресінен бірінші жарыстары. Ыңғайын таба алмай жатыр. Енді, Алла қаласа, алдағы уақытта шәкірттерімнің деңгейін өсірсем деген ойым бар», – деді спортшы Руслан Әбдіразақов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Барыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);