Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы – бақша қаласы": танымал алматылықтар баст...

«Алматы – бақша қаласы": танымал алматылықтар бастаманы қолдап, алма ағаштарын отырғызды

Әлеумет 27.04.2024, 11:06 1,159
«Алматы – бақша қаласы": танымал алматылықтар бастаманы қолдап, алма ағаштарын отырғызды
Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда «Алматы – бақша қаласы» акциясы аясында жаппай алма ағаштарын отырғызу жүріп жатыр. Шараға қала тұрғындарымен бірге мегаполис әкімі Ерболат Досаев қатысты.


Ағаш отырғызу үшін Алматының барлық аудандарында арнайы орындар белгіленді. Шаһар басшысы мен қала тұрғындары БАК бойындағы саябаққа 500 алма ағашы мен 500 өрік отырғызды.




«Бүгін біз «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты тамаша акциямызды жалғастырып жатырмыз. Соның аясында біз ағаш отырғызып жатырмыз. Шараға қалаға бей-жай қарай алмайтын тұрғындар қатысып жатыр. Біз де депутаттық корпус ретінде келдік. Бүгінгі күннің ерекшелігі сол, біз жеміс ағаштарын отырғызудамыз. Біраз уақыттан кейін біздің қала өзінің апортымен, жеміс-жидектерімен танымал болып, өзінің даңқын қайтарады», — деді Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.



Акцияға Қорғаныс министрлігінің спортшылары, эстрада жұлдыздары, түрлі спорт түрлерінің чемпиондары, белгілі қоғам қайраткерлері атсалысты.


«Біз ЦСКА спортшыларымыз. Алматы-біздің ортақ үйіміз. Алматының тазалығы-біздің денсаулығымыздың кепілі",-дейді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің оқу-жаттығу орталығының бастығы-ЦСКА (Алматы филиалы) майор Берден Ақпанбеков.



  • Барлығы 8 205 жасыл желек отырғызылды, соның ішінде 4 515 жеміс, 1 090 жапырақты ағаш пен 2 600 бұта. 

  • "ALA" саябағында алма бағы пайда болды. Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма ағаштарын отырғызды.

  • Ағаштарды отырғызу кезінде екі жерден онлайн трансляция жүргізілді: ALA саябағы мен Қарағай орманы.

  • Мегаполисте 8 сәуірде басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бақ қала #алма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Бүгін 09:28

Трамп Иранға жасалатын бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтататынын мәлімдеді

Бүгін 09:20

Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптады

Бүгін 08:54

8 сәуірге дауылды ескерту: еліміздің басты қалаларында жел күшейіп, найзағай ойнайды

Бүгін 08:37

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика