Алматы әуежайында Almaty Airport Taxi ресми қызметі іске қосылды

  • 11:42, 01 тамыз 2025
Алматы әуежайында Almaty Airport Taxi ресми қызметі іске қосылды Алматы әкімдігі

1 тамыздан бастап Алматы халықаралық әуежайында жаңа ресми қызмет — Almaty Airport Taxi қосылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және трансферлік қызметтерге бірыңғай стандарт енгізуге бағытталған.

Almaty Airport Taxi сервисінің іске қосылуы — жолаушылардың жайлы, қауіпсіз және ашық қызметке деген сұранысына берілген нақты жауап. Жоба заңсыз тасымалдар мен бейресми такси қызметтерінің артуына байланысты туындаған мәселені шешуге, сондай-ақ қалаға келген алғашқы сәттен бастап оң әсер қалыптастыруға бағытталған.

Бастапқы кезеңде жолаушыларға бірыңғай заманауи стильде брендтелген 40 BYD Qin Plus электромобилі қызмет көрсетеді. Бұл көліктер экологиялық таза әрі жоғары жайлылық стандарттарына толық сай келеді. Қазіргі таңда әр көлікке бағыт көрсететін және өзекті туристік ақпаратпен жабдықталған интерактивті экрандар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жүргізушілер арнайы дайындықтан өтіп, жолаушылармен кәсіби деңгейде жұмыс істеуге дағдыланған. Олар терминалдан шыққан сәттен бастап межелі жерге дейін ілтипатты қызмет көрсетіп, барлық детальге мұқият көңіл бөледі. Сонымен қатар жүргізушілерге арналған бірыңғай фирмалық арнайы киім кезең-кезеңімен енгізіледі.

Тапсырыстарды динамикалық үлестіру жүйесі бойынша бөлу арқылы көлікті орта есеппен 5 минут ішінде шақыртуға болады. Жолақы бағытқа қарай үш аймаққа бөлінген тұрақты тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Барлық шарттар ашық көрсетіледі, жасырын қосымша төлемдер жоқ. Жолақыны банктік картамен, төлем терминалы арқылы немесе QR-кодпен төлеуге болады.

Жыл аяғына дейін автопарк 10 бизнес-класс санатындағы көлікпен толығады. Сонымен қатар, қазан айында әрқайсысы 14 жолаушыға арналған 4 шағын автобус (шаттл) іске қосылады. Олардың әрқайсысында инклюзивті кеңістік және жүк салатын арнайы орын қарастырылған.

Almaty Airport Taxi — экологияны, заманауи технологияларды және клиентке бағдарланған қызметті үйлестіре отырып, қалалық сервистің жаңа эталонына айналмақ. Жоба алдағы уақытта да дамып, Алматы тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі сенімді қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынуды жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:55

18:01

17:41

17:31

17:09

16:55

16:22

16:06

15:30

15:04

15:01

14:23

13:34

12:47

12:35

12:31

12:02

11:42

11:32

11:11

10:31

10:23

10:15

10:09