Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Әлеумет 31.05.2024, 17:04 874
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бұдан бұрын жаңа жолаушылар терминалының ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысқанын хабарлағанбыз.

2024 жылдың 31 мамырында Алматы әуежайы жаңа халықаралық терминалдың ашылуына байланысты жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылдың 1 маусымында жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы қонақтарды қарсы алатынын қуана хабарлайды", - деп жазылған ресми ақпаратта.

2024 жылғы 31 мамырда жаңа жолаушылар терминалының ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы халықаралық әуежайында болды.

"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып салынған халықаралық терминал 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатынын хабарлады. Жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 50 тіркеу орны орнатылып, заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Қолданыстағы терминалды жөндеуді ескере отырып, әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін артатын болады.

Барлық халықаралық рейстер жаңа терминалға толық ауыстырылғаннан кейін ескі терминал ішкі рейстер үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, қолданыстағы терминалдың халықаралық стандарттарға толық сәйкес болуы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалы бойынша жобаға 200 млн. доллардан астам инвестиция салынды. Терминалдың қолданыстағы ғимаратына және әуежайдың инфрақұрылымын дамытуға алдағы уақытта көп инвестициялар тарту жоспарланып отыр.

Барлық халықаралық рейстер жаңа терминалға ауыстырылысымен ағымдағы терминалды жөндеу жұмыстары басталады.

Әуежайдың жаңа терминалы Орталық Азияда "Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE)" бағдарламасы бойынша сертификатталған бірінші терминал болады. Құрылыста Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұсынымдарына сәйкес жоғары сапалы оқшаулау материалдарын, су үнемдеу жабдықтарын және парниктік газдар шығарындыларын, шуды, жарықты, қалдықтарды және ауаның ластануын төмендетудің озық әдістерін пайдалану есебінен ресурс тиімділігі бөлігінде халықаралық тәжірибе пайдаланылды.

Жаңа терминалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін әр қабатта ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдайлар, балаларға арналған ойын алаңы, сондай-ақ демалыс бөлмелері, со-working аймағы, VR бөлме, үй жануарларына арналған дәретхана сияқты қосымша жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар, жақында жаңа терминалда Қазақстан авиациясының мұражайы ашылатын болады.

Жаңа терминал ескімен жер үсті өткелі арқылы қосылған. Жаңа үй-жай жолаушыларға ішкі және халықаралық рейстерден ғимараттан шықпастан ауысып отыру үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жолаушыларды қазіргі заманғы және ыңғайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін шекаралық қызмет желісі бойынша жаңа терминалда ұшып кету аймағында 20 кабина, ұшып келу аймағында 32 кабина, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұшып кету-ұшып келу аймағында автоматтандырылған өткізу жүйесі бойынша 4 бірлік жабдық, 4 багаж таспасы, жолаушылардың ыңғайлы навигациясы үшін инфокиоскалар орнатылған.

Жаңа терминалдың телескопиялық траптары борттың көлеміне байланысты бір мезгілде жеті ұшаққа дейін қабылдай алады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #терминал #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика