AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әуежайы арқылы алтын пластиналарды шетел ас...

Алматы әуежайы арқылы алтын пластиналарды шетел асырмақ болған америкалық ұсталды

Заң мен тəртіп 02.08.2022, 13:20 1,203
Алматы әуежайы арқылы алтын пластиналарды шетел асырмақ болған америкалық ұсталды
Сурет: Inform.kz

Алматыдағы «Жетісу» кеден бекетінде алтын контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«23 шілдеде Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың ұшу залында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп, «Алматы-Ыстанбұл» әуе рейсімен жалпы салмағы 319 грамм болатын 10 дана сары металдан жасалған пластиналарды алып бара жатқан АҚШ азаматын ұстады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасы жасаған сараптама нәтижесіне сәйкес, табылған тауар «аффинирленген алтын» ретінде айқындалды. Шетелдік тұлғаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, тауарларды өткізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл үшін жеке тұлғаларға тауарлар тәркіленіп немесе тәркіленбей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - делінген ресми хабарламада.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтын пластиналар #әкімшілік жауапкершілік #шетелдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);