Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматы ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгер...

Алматы ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді  қолдауға шақырды

Референдум - 2022 13.05.2022, 09:46 1,056
Алматы ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді   қолдауға шақырды
Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің Төралқасы 230 мың ардагердің атынан қазақстандықтар мен қала тұрғындарын алдағы референдумға қатысуға, елдегі демократиялық құбылыстардың дамуы мен Жаңа Қазақстан үшін құқықтық негіз болатын Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдауға шақырды.


Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі кеңейтілген төралқасының қатысушылары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша референдумды қолдау жөніндегі Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы» мәселені талқылады. Қалалық және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Ата Заңның кейбір баптарына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдау туралы шешімді бірауыздан қабылдады.


Мемлекет басшысы «Референдумның басты мақсаты – Жаңа Қазақстанды құру» екенін атап өтті. Ол елдің әрбір азаматына еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.



 –  Халықтың алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу саяси дамудың келесі кезеңдеріне өтуді білдіреді. Ел тағдырын таңдайтын реформаға депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысуға тиіс. Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам Заңды қабылдау ескерілді. Яғни елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды. Халық оны толықтай түсініп, дауыс беруге тиіс. Себебі, бұның бәрі азаматтардың игілігі үшін жасалады. Қазірдің өзінде қалалық және аудандық кеңес мүшелері арнайы штаб құрып, белсенді азаматтар халықтың алдына шығып, реформаның бағыттарын түсіндіріп, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бірақ біз кейбір конституцияналдық мәселелерді айтуымыз керек,– деді Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан БИЖАНОВ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ардагерлер #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика