AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобал...

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Алматы 15.04.2026, 18:47 300 Сұлу
Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Танысу Боралдай көшесіндегі скверден басталды. Бұл аумақта балалар және спорт алаңдарын орналастыру, арт-нысандар орнату, сондай-ақ Сұлтан-Қарасу өзенінде жүргіншілер көпірін салу жоспарланған. Кездесу барысында тұрғындар аумақты көркейту бойынша ұсыныс білдірді.

Одан кейін қала әкімі «Айс Мастер – Айс Крим компаниясы» ЖШС-де болды. Кәсіпорын басшылығы өндірістік алаңдарды жаңғыртып, іргелес аумақты қалалық көріктендіру талаптарына сай ретке келтіруге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, қала басшысы Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлеріне арналған жаңа спорт кешеніне барды.

Рысқұлов даңғылына дейінгі аумақты аралау барысында жүргіншілер аймақтарының санитарлық жағдайы тексерілді.

Дархан Сатыбалды бірыңғай дизайн-кодтың сақталуын қамтамасыз етуді, жобаларды жүзеге асыру мерзімін бақылауды, сондай-ақ қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруда бизнеспен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);