AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі «Нұркент» тұрғын үй кешеніндегі ауызс...

Алматы әкімі «Нұркент» тұрғын үй кешеніндегі ауызсу мен электр қуатына қатысты түйткілдерді тезірек шешуді тапсырды

Барлығы 14.08.2025, 15:02 760
Алматы әкімі «Нұркент» тұрғын үй кешеніндегі ауызсу мен электр қуатына қатысты түйткілдерді тезірек шешуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданындағы «Нұркент» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында қала тұрғындары ауызсудың тапшылығы, электр қуатының жиі өшуі, сондай-ақ балабақша мен мектептегі орын жетіспеушілігі жайын көтерді.

Судың азайып кетуі Алатау ауданының батыс бөлігінде қарқынды жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылыстарымен байланысты. Қазіргі таңда «Нұркент» кешені ауыз суды «Қалқаман» сорғы бекетінен алады (тәулігіне 10 600 текше метр), алайда тұтыну көлемі шегіне таяп қалғандықтан, жаз мезгілінде су қысымы төмендеп, су беру жиі тоқтайды. Бұл түйткілді шешу үшін көршілес тұрғын үй кешеніндегі сорғы бекеті қалпына келтіріледі. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, құрылыс компаниясы нысанға күрделі жөндеу жүргізіп, тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтуға мүмкіндік жасайды. Жөндеу жұмыстары 25 қыркүйекке дейін аяқталып, нысан «Алматы Су» ШЖҚ МКК балансына беріледі.

Электр қуатымен қамтудың үзілуі жеті трансформаторлық қосалқы станцияның «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына берілмеуінен туындаған. Әкім бұл мәселені жедел шешіп, тұрақты электрмен қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрғындар ретсіз қойылған автокөліктер мен тазалықтың сақталмауына қатысты шағым айтты. Дархан Сатыбалдының айтуынша, аталған автотұрақ орналасқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, оның орнына жаңа балабақша бой көтереді. Сондай-ақ, тұрғындар аулалардың жөнделмегендігі мен рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындардың барын жеткізді. Әкім аудан әкімдігіне аулаларды абаттандырып, санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«Бүгін айтылған барлық мәселе хаттамаға енгізілді. Орындалуын өзім қадағалаймын. 25 қыркүйекке дейін жөнделген сорғы бекеті «Алматы Су» балансына, ал электр желілері «Алатау Жарық Компаниясының» иелігіне беріледі. Аула абаттандырылып, балабақша салынады. Қалған мәселелер де жұмыс тәртібімен шешімін табады», – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #нұркент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);