AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Inspur Group басшы...

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Inspur Group басшылығы цифрлық шешімдер саласындағы әріптестіктің келешегін талқылады

Әлеумет 17.02.2025, 12:29 973
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Inspur Group басшылығы цифрлық шешімдер саласындағы әріптестіктің келешегін талқылады
Алматы қаласы әкімдігі

ҚХР-на жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев бұлтты есептеулер, үлкен деректер және интеллектуалды шешімдер әзірлеуде жетекші қытайлық Inspur Group компаниясының басшылығымен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, озық ІТ-шешімдерді енгізу және көлік жүйесін интеллектуалды басқару саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Серіктестік аясында Inspur Group Алматыда бірқатар бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, көлікті басқару бойынша командалық орталық құру, серверлік жабдықтар мен цифрлық шешімдерді жеткізу, Алматыда зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізу – бұл қаладағы жол қозғалысын үйлестіру тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұған қоса, компания Алматыда көлік технологияларын дамыту, төтенше жағдайларға әрекет ету, су ресурстарын қорғау, денсаулық сақтау және зияткерлік терминалдар саласындағы шешімдерді әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруда. 

Кездесу соңында тараптар қалалық қызметтердің сапасын арттыру және Алматыдағы көлік легін басқаруды жақсарту мақсатында ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде келісімге келді.

Анықтама:
Inspur Group – серверлік жабдықтар, бұлтты платформалар және бағдарламалық шешімдер жеткізетін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Ол Қытайдың ішкі нарығының 40%-ын қамтиды және 120-дан астам елде «ақылды қалалар», қозғалысты басқару, салықтық бақылау және цифрлық білім беру технологияларын әзірлеуге қатысады. Бүгінде Inspur жабдықтарын жеткізетін екі компания Қазақстанда жұмыс істейді. Орталық Азия аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған сервистік орталық ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, LED/LCD дисплейлер, зарядтау бекеттері және басқа да технологиялық шешімдер шығаратын зауыт салу үшін жергілікті серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Inspur Group #Бейжің #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Медеу ауданының 54 мыңнан астам тұрғыны жаңа инженерлік желімен қамтылады

Бүгін 16:14

Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа емхана салынады

Бүгін 16:13

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 15:45

Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр

Бүгін 15:10

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);