конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Ол...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Алматы құшағында 28.02.2026, 17:46 365 Дина
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады
Самат Құсайынов

Алматыда Almaty Arena спорт кешенінің алаңында XXV қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері мен қатысушыларына арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды өткен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған барлық спортшыға алғыс білдірді.

«Алматылықтардың атынан Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтаймын. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін жеңіп алу — бұл аса жоғары жетістік әрі бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш», — деді Дархан Сатыбалды.

Қала басшысы сондай-ақ Евгений Кошкин, Ростислав Хохлов, Данил Васильев және ең жас спортшы — Илья Мизерныхтың еңбегін ерекше атап өтті. Илья Мизерных тұғырдан секіру бойынша еліміздің тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетіп, Олимпиадада үздік ондыққа енді.

«Алматы — спортшылар қаласы. Біздің мегаполис әрдайым чемпиондарды тәрбиелеп келеді және алдағы уақытта да спорт инфрақұрылымын дамытуға, жас таланттарды қолдауға барлық қажетті жағдай жасай береді. Сіздердің жетістіктеріңіз — жас ұрпаққа үлгі, мемлекетіміздің абыройы. Алда әлі талай асулар мен жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», — деді Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде спортшы жиналған қауымға және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Көрсетілген қолдау біз үшін аса маңызды. Бұл мен үшін соңғы меже емес, алда үлкен жоспарлар бар. Менің жетістігім жас спортшыларға шабыт беріп, жаңа биіктерді бағындыруға серпін болады деп сенемін», — деді Михаил Шайдоров.

Салтанатты рәсім барысында Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат, жаңа автокөліктің кілтін және ақшалай сертификат табыстады.

Жүлдегердің бапкері Айгүл Қуанышеваға 5 миллион теңге көлемінде сертификат, ал ұлттық құраманың бас бапкері әрі чемпионның жеке бапкері Әсел Қасановаға бір бөлмелі пәтерге сертификат пен ақшалай сертификат берілді.

Сондай-ақ, Олимпиадаға қатысқан спортшылар мен олардың бапкеріне 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табысталды.

Мерекелік бағдарлама концертпен жалғасты. Кештің хедлайнері Қайрат Нұртас болды. Сонымен бірге сахнада Bellucci, Тұрар және қазақстандық эстраданың басқа да танымал өнерпаздары өнер көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:02

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Кеше 18:07

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді

Кеше 17:29

Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты

Кеше 17:23

Алматыда жаңа оқу жылы басталғанға дейін сегіз жаңа мектеп ашылады

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);