AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы инфрақұрылым құрылысын бақылап қайтты

Әлеумет 04.06.2025, 11:11 558 Bakyt
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы инфрақұрылым құрылысын бақылап қайтты
Алматы қаласы әкімдігі

Әкім ең әуелі тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасының жүзеге асу барысын көрді. 2025 жылы мамырдағы жағдай бойынша ауданда 75 ескі үй (821 пәтер, 127 пәтер иесі жаңа баспанаға көшірілген) бар. Бұл үйлер Жандосов, Түнтібаев, Талдықорған, Пятницкий, Тоқтабаев, Черепанов, Рысқұлбеков және Сүлейменов көшелерінде орналасқан. Жаңғырту жұмыстары сегіз кезеңмен жүргізіліп жатыр, оның алғашқысы 2023 жылы аяқталған.

Бұдан кейін әкім Мамыр-4 шағынауданындағы кәріз және су құбыры желілерінің құрылысына ат басын бұрды. Мұнда аудандық маңызы бар бір көше – М.Кәрім көшесі және 14 өтпе жол бар. Жоба аясында Момышұлы, Саин көшелері мен Абай даңғылына инженерлік желілер тарту қарастырылған. Құрылысқа дейін бұл аумақтағы инженерлік инфрақұрылымның тозуы 90%-ға жеткен болатын.

2024 жылы тамызда басталған жоба аясында барлығы 12,3 шақырым инженерлік желі тарту көзделген. Қазіргі уақытта 3,5 шақырым кәріз және 3 шақырым су желісі салынды.

Сапар барысында Дархан Сатыбалды Ақсай-1 шағынауданына да барды. Ақсай-1, 1А, 3, 3А және 3Б шағынаудандарда шамамен 36 мың адам өмір сүреді. Алайда мұнда заманауи спорттық нысандар, әсіресе бассейн тапшы. Сондай-ақ, 1–1,5 шақырым жердегі саябақ пен демалыс орындарының болмауы тұрғындардың белсенді өмір салтын ұстануына ыңғайсыздық тудырып отыр. 

Осыған байланысты, төрт жер телімін мемлекет мұқтажына алып, ыңғайлы саябақ аймағы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Аталған жер жалға берілген, оның үшеуінің жалдау мерзімі аяқталған.

Шаһар басшысы Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жобасының жүзеге асуын да тексерді. Жоба екі учаскеден тұрады. Біріншісі Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі аралық. Мұнда инженерлік желілерді қайта салу және жол төсемін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Екіншісі Әшімов көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлік. Бұл аумақта да жер жұмыстары мен коммуникацияны көшіру қолға алынған. 

Келісімшартқа сәйкес, қос учаскедегі құрылысты 2025 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұған қоса, қала әкімі Ақсай-4 шағынауданындағы жаңартылып жатқан сквердің жай-күйін көріп, тұрғындармен кездесті. Жоба аясында 45 жарық бағаны, 26 бейнебақылау камерасы, 4,6 мың шаршы метр кеспе тас, 46 орындық пен қоқыс жәшігін орнату, 245 ағаш пен 200-ден астам бұта егу, автоматтандырылған суару жүйесін құру, заманауи балалар және спорт алаңдары мен құрғақ субұрқақ салу қарастырылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап кедергісіз орта жасалмақ.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында инженерлік желілер мен жолға түсетін жүктемені есептеуді, Мамыр-4 шағынауданында басталған жұмысты қыркүйекке дейін бітіруді жүктеді. Сонымен қатар, ДСК салуға ниетті жеке инвестор табылса, бұл мүмкіндікті де қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Төле би көшесін ұзартуға арналған жер телімдерін тез арада сатып алып, Ақсай-4 скверін көркейтіп, баршаға қолжетімді орта қалыптастыруды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #Инженерлік желілер #Әуезов ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);