AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алматы әкімі актер және режиссер Олег Лиге ІІ дәре...

Алматы әкімі актер және режиссер Олег Лиге ІІ дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды

Тұлға 04.05.2022, 09:52 1,235
Алматы әкімі актер және режиссер Олег Лиге ІІ дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін актер әрі режиссер Олег Ли II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Президенттің тапсырмасы бойынша жоғары мемлекеттік марапатты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қала басшысы Олег Лиді 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мерейтой иесінің бүкіл өмірін театр өнері саласына арнаған жетістіктерін атап өтті.



«Осындай жоғары мемлекеттік наградамен Президент сіздің елеулі және ерекше үлесіңізді атап өтті. Сіз – театр өнерінің ең көрнекті өкілдерінің бірісіз. Корей театрын сіздің рөлдеріңізсіз, қойылымдарыңызсыз елестете алмаймын. Сіздің ерекше дарыныңыз бен таңдаған ісіңізге риясыз қызмет етуіңіз Қазақстанның театр өнерінің үздік дәстүрлерін арттыруға зор үлес қосты. Біз сіздің қойылымдарыңыз бен фильмдеріңізбен өстік. Сізге зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін», - деді Ерболат Досаев.



Олег Ли өзінің мансабында 40-тан астам фильмдер мен телехикаяларда ойнады, сонымен қатар көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, театр сахнасында жарқын, есте қалатын кейіпкерлердің бірегей бейнелерін жасады.




«Мемлекеттік республикалық академиялық корей театры ұжымы мен басшылығының атынан осы жоғары дәрежелі орден иесі атануды зор ризашылықпен қабылдаймын. 1937 жылы күштеп көшірілген адамдарды ашық рухпен қабылдап, соңғы бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Қазақ топырағында біз халықаралық деңгейде нақтыланған Қазақстанның көпұлтты отбасына айналдық», – деді Олег Ли.



Олег Лидің көркемдік жетекшілігіндегі республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры корей диаспорасы өмірінің маңызды бөлігіне ғана емес, сонымен қатар корей өнері мен мәдениетіне қызығушылық танытқан барлық қазақстандықтар үшін тартымды орынға айналды.


Кездесу соңында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев актерге жылы лебізін білдіріп, республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрына баруға уәде берді.



Олег Ли 1942 жылы 4 мамырда Өзбек КСР Наманган қаласында туылған.


1961 жылы Ташкент электромеханикалық техникумын, 1969 жылы Ташкент энергетикалық байланыс институтын бітірген.


1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін, 1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының режиссерлік факультетін бітірген


1975 жылдан – мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының актері және режиссері. 1996 жылдан – Қазақстан республикалық корей музыкалық комедия театрының бас режиссері (Алматы қ .)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #ОлегЛи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика