AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі аялдамаларда қозғалыс кестесі мен тәр...

Алматы әкімі аялдамаларда қозғалыс кестесі мен тәртіпті сақтауды талап етті

Барлығы 19.06.2025, 10:29 622 Сұлу
Алматы әкімі аялдамаларда қозғалыс кестесі мен тәртіпті сақтауды талап етті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ONAY! қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығында барып, қаланың маршруттық желісін бақылау және басқару жөніндегі жұмыстармен танысты.

Мегаполис басшысы қалалық көлік қозғалысына тәулік бойы бақылайтын және тасымалдаушылардың негізгі көрсеткіштерін орындалуын қадағалайтын орталықтың қызметі туралы баяндаманы тыңдады. 

«Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС ONAY! диспетчерлік басқару орталығының директоры Дәурен Сәбитов басты нәтижелер мен көрсеткіштер туралы баяндады. Алматыда жыл сайынғы жолаушылар саны 455 миллионға жетеді. Бүгінде ONAY! жүйесі 206 маршрутқа қызмет көрсететін автобустар, троллейбустар мен метроны қосқанда 3,5 мыңнан астам көлік бірлігі бар. Желі бойынша 27 тасымалдаушы, 3500 автобус және 6830 аялдама бар. 

Кездесу барысында цифрлық сервистерге ерекше көңіл бөлінді. Қалада 4,4 миллион көлік картасы сатылған, оның 1,3 миллионы - әлеуметтік. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін ONAY! мобильді қосымшасы да бар, онда пластикалық картасыз виртуалды картаны пайдалануға болады.

Қала әкімі қозғалыс аралығын сақтауға және көліктің үздіксіз қатынауына ерекше назар аударды.

«Қаланы аралап жүргенде аялдамада автобустардың тізіліп кезекте тұрғанын көрдім. Мұны реттеу керек. Уақыт кестесі мен көлік қозғалысының аралығы нақты сақталуға тиіс», - деді Дархан Сатыбалды.

Оның айтуынша, холдингтің негізгі міндеті қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету екеніне ерекше тоқталды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша қала әкімі қозғалыс кестесінің сақталуына бақылауды күшейту, аялдамаларда автобустардың тұрып қалуын болдырмау және біркелкі аралықты жолға қою, көліктің көбеюін ескере отырып, диспетчерлік жүйені жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді. Бұған қоса, Дархан Сатыбалды тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді және ONAY! цифрлық картаның жолаушылардың барлық санаты үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #автобус #қоғамдық көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);