Алматы әкімдігі Президент тапсырмасы аясында құрылысқа енгізілетін шектеулерді түсіндірді

  • 09:20, 06 тамыз 2025
Алматы әкімдігі Президент тапсырмасы аясында құрылысқа енгізілетін шектеулерді түсіндірді Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үйлер мен нүктелі құрылыс салуға мораторий енгізіледі. Бұл жөнінде қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы хабарлады.

Жаңа шектеулер Талғар тас жолының, Үлкен Алматы айналма жолының (ҮААЖ), әл-Фараби даңғылының, Саин және Жандосов көшелерінің оңтүстігінде орналасқан аумақтарға қатысты.

Басқарма мәліметінше, бұл аймақтардағы тығыз әрі жоспарсыз құрылыс әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушігі сияқты бірқатар жүйелі мәселеге әкеліп соғып отыр. Атап айтқанда, мектептер мен медициналық мекемелердің тапшылығы сезіледі.

Сондай-ақ, қаланың жоғары бөліктерінде орталықтандырылған су және кәріз жүйесі жоқ. Бар желілер бірқатар монополистің қарамағында, олардың қуаты жеткіліксіз әрі шамадан тыс жүктелген. Көше-жол желісі көлік легіне есептелмеген, ал арық жүйесінің болмауы жауын-шашын кезінде су тасқынына себеп болады.

Таулы аумақтардың бір бөлігі ылғалданған кезде жылжып кететін тұрақсыз сазды топырақта орналасқан. Заңсыз құрылыс, жасыл желект отау, рұқсатсыз септиктерді қолдану топырақтың жылжып, құрылыстың қирауына себеп болуы мүмкін.

Бұған қоса, қалаға облыстан қосылған 1,5 мың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері (2 000 гектардан астам) орналасқан. Жер кодексіне сәйкес, мұндай жерді пайдалануға тыйым салынады. Бұл аймақтарды тұрғын үйге айналдыру қаланың инженерлік желілеріне, әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымына қосымша жүк түсіреді.

«Қазіргі таңда қалада еңісі 15 градустан асатын беткейлерге құрылыс салуға тыйым салынған, жоғарғы бөлікте ғимарат биіктігі 3 қабаттан аспауға тиіс және еңісті кесуге болмайды. Соған қарамастан, кейбір құрылысшылар заңмен нақты реттелмеген таунхаустар секілді көпқабатты нысандар салуды жалғастырып келеді. Енді енгізілген мораторий аясында мұндай тұрғын үйлерге жоба алдындағы құжаттар берілмейді. Бұл шектеу құрылыс жұмыстары басталып кеткен нысандарға қатысты емес. Сонымен қатар, басқарма  2040 жылға дейінгі Бас жоспарға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл түзетулер жасыл аймақты кеңейтуге және тау бөктері аумақтардың теңгерімді дамытуға бағытталады. Нақты нәтижелер туралы қосымша хабарланады», – деді қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмас Жаңбыршы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:16

10:53

10:21

09:22

09:20

22:11

17:20

16:34

15:42

15:25

14:28

13:31

12:32

12:22

12:09

12:00

11:18

10:52

10:25

10:14

09:54

09:11

20:48

17:13

16:48