Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы академиясының қызметкерлері түркістандық по...

Алматы академиясының қызметкерлері түркістандық полицейлерге дәріс өткізуде

Заң мен тəртіп 14.06.2022, 05:40 1,739
Алматы академиясының қызметкерлері түркістандық полицейлерге дәріс өткізуде
Сурет: Polisia.kz

Алматы академиясының қызметкерлері түркістандық әріптестерімен тәжірибе бөлісуде.


Түркістан төріне тәжірибе алмасу бағытында Махан Есболатов атындағы Алматы академиясының білікті де білімді қызметкерлері келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Мұндағы негізгі мақсат – ішкі істер органдарын басқарудың тиімді жүйесін құру, полицияға қатысты негізгі міндеттерді жандандыру.


Аталған маңызы зор дәріске Түркістан облысы ПД-ға қарасты қалалық, аудандық Полиция басқарма мен бөлім басшылары қатысуда. Үш күнге созылатын сабақ барысында басшы құрамның біліктілігін арттыру бірінші орында тұр. Яғни, ҚР ІІМ-нің “Мобильді Академия” пилоттық жобасы шеңберінде заманауи талаптарға сәйкес оқу бағдарламасы жүргізіледі.


Алматыдан арнайы келген білікті мамандар қатарында М. Есболатов атындағы академия бастығының орынбасары Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ержан Бимолданов пен аталған академияның аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полиция полковнигі Лейла Құлтемірова, сондай-ақ осы оқу орнының ІІО басшы құрамын даярлау факультетінің жоғары академиялық курсының әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Талғат Тұркенов бар.


Бұл кәсіби шеберлігі мол қызметкерлер түркістандық қатысушыларды білім нәрімен сусындатып, бар оқып-түйгендерін жеткізді. Полиция мен халықтың бір-біріне барынша ашық болуы, басшы құрам мен жеке құрам арасындағы байланыс қалай болу керектігі айтылып, ақыл-кеңестер берілді. Дәріске қатысушы тарап, білімдерін жетілдіруге ат салысып жатқан әріптестеріне алғыстарын жеткізді. Полицияның жұртқа жақын және заманауи техникаларды меңгеруіне бағыт беріп жатқаны үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті, пікір алмасты.


“Жаңа Қазақстан”, “Сервистік полиция моделін құру” жолында мұндай келелі кездесулердің берер пайдасы зор. Себебі полицияның оң имиджін қалыптастыру, басшы құрамның қарапайым да әділ болуы, халықпен кері байланысты нығайту күн тәртібінен түспек емес.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полицейлер #Дәріс #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика