конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы AirAsia халықаралық жарнамалық науқанының б...

Алматы AirAsia халықаралық жарнамалық науқанының басты кейіпкеріне айналады

Алматы Бүгін 15:06 35
Алматы AirAsia халықаралық жарнамалық науқанының басты кейіпкеріне айналады
Алматы әкімдігі

Оңтүстік-Шығыс Азияның миллиондаған тұрғыны Алматыны AirAsia әуе компаниясының жаңа халықаралық жарнамалық науқаны арқылы танып, білетін болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Азиядағы жетекші лоукостерлердің бірі қаланың туристік әлеуетіне арналған промороликтер сериясын түсіруге кірісті.

Бейнероликтерде Алматының табиғи көрінісі, көрнекті орындары, заманауи қалалық инфрақұрылымы және Қазақстанның ең ірі мегаполисіне тән ерекше атмосферасы көрсетіледі. Контент AirAsia-ның әлеуметтік желілерінде, цифрлық медиаплатформаларында және сыртқы цифрлық жарнама алаңдарында (DOOH – Digital Out-of-Home), соның ішінде Куала-Лумпур қаласындағы LED-экрандарда таратылады.

AirAsia бейнеконтентті әзірлеу, оны цифрлық арналарда ілгерілету және сыртқы цифрлық жарнама құралдарында орналастыру шығынын толықтай өз мойнына алады. Мұндай ынтымақтастық форматы бюджет қаражатын тартпай-ақ Алматының әлеуетті туристер арасындағы танымалдылығын арттырып, қаланы халықаралық туристік нарықта тиімді ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Алматы үшін бұл жоба Оңтүстік-Шығыс Азияның туристік нарығымен ынтымақтастықты дамытудағы кезекті маңызды қадам болмақ әрі жаңа туристік аудиторияның қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Бұған әуе қатынасының кеңеюі де оң әсерін тигізуде. Қазіргі таңда AirAsia Алматыдан Куала-Лумпурға аптасына бес рет, ал Бангкокқа аптасына төрт рет тікелей рейс орындайды. Жазғы маусымдағы сұраныстың артуына байланысты Бангкок бағыты бойынша рейс саны беске дейін ұлғайтылады. Әуе қатынасын кеңейту мен халықаралық жарнамалық науқанды қатар жүзеге асыру Алматыға келетін туристер санын арттыруға қосымша мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Модельші-суретші қолтаңбасы: дәуірдің диорамадағы демі

Бүгін 15:46

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді

Бүгін 15:10

Жастар таңдауы – жарқын болашақтың кепілі

Бүгін 15:03

Жастардың таңдауы – ел болашағына бастар жол

Бүгін 15:01

Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);