AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерле...

Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 97 жастағы науқасты ауыр жарақаттан кейін қайта аяққа тұрғызды

Медицина 03.02.2026, 16:37 416 dulatbekova
Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 97 жастағы науқасты ауыр жарақаттан кейін қайта аяққа тұрғызды
Cурет: №4 қалалық клиникалық аурухана

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханаға 1929 жылы туған Елена Нейфельд ауыр халде жеткізілді. Мұндай жаста аяқ сүйектерінің ашық әрі күрделі сынуы көбіне тірек-қимыл қабілетінің жоғалуына, ұзақ уақыт қозғалыссыз жатуға әкелетіні белгілі. Дәрігерлер басты мақсатты - науқастың қайта жүріп кетуіне мүмкіндік беруді айқындап алды.

Науқастың жағдайы анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі мен травматолог-ортопед дәрігерлердің қатысуымен өткен көпбейінді консилиумда жан-жақты талқыланды. Қауіп жоғары болғанына қарамастан, медициналық команда ота жасау жөнінде ортақ шешімге келді.

Ота екі кезеңде жүргізілді. Алдымен хирург мамандар жараны мұқият тазалап, тіршілікке қабілетсіз тінді алып тастап, жұмсақ тінге пластика жасады. Кейін сүйекке Илизаров аппараты арқылы сүйекаралық остеосинтез жүргізілді. Бұл құрылғы сүйекті берік бекітіп, олардың дұрыс әрі сапалы бітуіне жағдай жасайды. Ота 2 сағат 45 минутқа созылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ота жасаған бригада құрамында: хирург - Руслан Розиев; хирург ассистенттері - Талғат Бижанов, резидент Бақыт Қорқыт, Дінмұхаммед Абдулдаев;
анестезиолог - Ертуған Тоқтарбаев; оталық медбике - Гүлмира Алдашова болды.

Қазір Елена Яковлевна үйінде. Жарасының жазылуы жақсы, сүйектер дұрыс бекітілген. Ең бастысы - оның қайтадан аяғынан тұрып, оңалту кезеңін бастауына нақты мүмкіндік бар.

Дәрігерлердің айтуынша, жақындарының қамқорлығы мен жүйелі жаттығудың арқасында ол таяқ немесе жүріс құралын пайдаланып та, өздігінен де қозғала алады.

«Жас - үкім емес. Біз әрдайым нақты жағдайға қарап, көмектесудің жолын іздейміз. Басты мақсат - аяқты сақтап қалып, адамға қозғалу мүмкіндігін қайтару болды. Қазір бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл - біз үшін үлкен жеңіс», - дейді №4 ҚКА травматологы Руслан Розиев.

Алматы №4 ҚКА дәрігерлері ең күрделі, үміті аз жағдайдың өзінде кәсібилік пен табандылық шешуші рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

№4 ҚКА - жыл сайын ауыр жарақат алған және күрделі дертке шалдыққан жүздеген науқасқа көмек көрсететін ірі көпбейінді стационар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дрігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Бүгін 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Бүгін 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Бүгін 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);