AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы 2025 жылы еліміздің үздік олимпиадалық кома...

Алматы 2025 жылы еліміздің үздік олимпиадалық командасы мәртебесін 23-ші рет растады

Барлығы 13.02.2026, 09:14 415 Сұлу
Алматы 2025 жылы еліміздің үздік олимпиадалық командасы мәртебесін 23-ші рет растады
Алматы әкімдігі

Өткен жылғы оқушылар арасындағы зияткерлік жарыстардың қорытындысы Алматының республикалық деңгейдегі тұрақты көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы 2025 жылдың жұмыс қорытындысын жариялау барысында айтты. 

Қала құрамасы қатарынан 23-ші рет Қазақстанның үздік олимпиадалық командасы атанып, жалпыкомандалық есепте тағы да бірінші орын иеленді. Жыл қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жүлделі орындар саны 37-ден 41-ге дейін артты. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта Алматы командасы Бас жүлдені жеңіп алды.

2025 жылы халықаралық олимпиадаларда 538 жүлдегер дайындалды. Ведомство мәліметінше, қатысушылар құрамын тиімді реттеу барысында ең мықты оқушыларды сапалы даярлау мен атаулы қолдауға басымдық берілген. Халықаралық жарыстарға 670 оқушы қатысып, олардың 538-і жүлдегер атанды. Республикалық олимпиадаларда 600 оқушы бақ сынап, 335-і жеңімпаз болды.

Бұқаралық спорт саласында да оң динамика байқалды. Қалалық спорттық іс-шараларға 153 мыңнан астам оқушы қатысып, республикалық деңгейдегі жеңістер саны артты. Әскери-патриоттық тәрбие бағытында да жоғары нәтиже тіркелді.

Алматы мектептері мен құрама командалары дәстүрлі түрде ұлттық және халықаралық жарыстардың көшбасшылары қатарында. Оқушылар Ұлттық мектеп лигасы, WorldSkills чемпионаты, инклюзивті спартакиадалар, пәндік олимпиадалар және тоғызқұмалақтан әлемдік біріншіліктерге дейін қатысып келеді. Мәселен, Алматыдағы сегіз арнайы мектеп-интернаттың оқушылары «Жұлдызай-2025» ұлттық инклюзивті ойындарында бірінші орынға ие болып, республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектпп #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);