конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әліппеде QR-код пен аудиодиск бар

Әліппеде QR-код пен аудиодиск бар

Білім және ғылым 15.08.2021, 11:05 1,919
Әліппеде QR-код пен аудиодиск бар

Биыл 1 сыныпқа баратындар QR-код пен аудиодискісі бар «Әліппемен» сауат ашады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.


Ата-аналар әліппенің қайта енгізілгеніне қуанғанын айтып жатыр. Әліппеде QR-код пен аудиодиск бар. Бастамашылар бала өткен сабақты тереңірек түсінуі үшін осындай заманауи әдіс қолдануды жөн көрген. Яғни, кез келген уақытта кітаптың бұрышындағы кодты сканерлеп, тақырыпты қайта тыңдауға болады.
Жаңартылған әліппенің сырты да, іші де визуалды түрде аса өзгермеген. Бірақ бірнеше ерекшелігі бар. Оқулықта оңайдан күрделіге қағидаты сақталып, оқушыға үйрену оңай болуы үшін бірнеше тың әдіс енгізілген.
«Оқушыға білімді тәжірибе арқылы әрі өз бетінше алуға мүмкіндік жасау. Міне осы қағидаттар негізінде әліппе оқулығы әзірленді», – деді ҚР ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұхаметқалиқызы.
Әдіскер маман Сандуғаш Әтейбек бұл оқулықты «цифрлы әліппе» дейді. Өйткені, кітапта QR-код пен аудиодиск бар. Диск арқылы кітапты электронды түрде оқу да ойластырылған. Сонымен қатар, әр тақырыпты өткен соң, кодты сканерлеп, мақал-мәтелдерді оңай жаттауға болады.
«Оқулықтың мазмұны түсінікті. Жеңіл және енді ата-аналарға да түсінікті болады деп ойлаймын», – деді әдіскер Сандуғаш Әтейбек.
Көп ата-ана әліппенің қайта енгізілгеніне қуанатынын айтады. Тамыры тереңде жатқан әліппе балалардың әріпті тез үйренуіне оң әсер ететініне сенімді. Әліппені қайта оқу бағдарламасына енгізер кезде бес баспадан бес түрлі кітап ұсынылған екен. Солардың арасынан осы оқулық үздік деп танылған. 500-ге тарта маманның сараптамасынан өткен әліппенің сәтті не сәтсіз шыққанын енді уақыт көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 сынып #оқушы #мектеп #сабақ #Әліппе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Бүгін 17:23

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Бүгін 17:01

Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады

Бүгін 16:37

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:36

Сауалнама: елдегі инфрақұрылым жағдайына деген ризалық арта түсті

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);