AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлихан Смайылов су шаруашылығы ғылымын дамытуды та...

Әлихан Смайылов су шаруашылығы ғылымын дамытуды тапсырды

Білім және ғылым 29.09.2022, 14:00 1,583
Әлихан Смайылов су шаруашылығы ғылымын дамытуды тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Ғылым мен білімге де ерекше көңіл бөлу керек


Қазақстанда су шаруашылығы ғылымы дамытылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Кеңесте Су ресурстары комитетінің және оның бассейндік инспекцияларының кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселелері қаралды.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің хабарлауынша, елдің су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін Су ресурстары комитетінің ұйымдық құрылымын қайта қарау және күшейту, сондай-ақ аумақтық бассейндік инспекцияларды айтарлықтай нығайту ұсынылып отыр.


Премьер-Министр тиісті бөлімшелерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл ретте ол Экология министрлігіне кадр саясатына қатысты ұсынылып отырған шараларға қосымша талдау жүргізуді тапсырды.


«Ғылым мен білімге де ерекше көңіл бөлу керек. Су шаруашылығы ғылымын дамыту, тиісті ҒЗИ-ді күшейту бойынша ұсыныстар беріңіз, өйткені ғылымсыз бұл саланы дамыта алмаймыз. Кадрларды даярлау кезінде заманауи кәсіби стандарттарды енгізуге баса назар аударылуы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #су шаруашылығы #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Бүгін 15:12

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жастардың еңбегін ерекше атап өтті

Бүгін 14:02

Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

Бүгін 13:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика