Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов пен Абдулла Арипов су саласындағы...

Әлихан Смайылов пен Абдулла Арипов су саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

Саясат 02.02.2024, 13:36 1,095
Әлихан Смайылов пен Абдулла Арипов су саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік және газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екіжақты тауар айналымын арттыру бойынша Жол картасының жүзеге асырылу барысы және кооперациялық өнеркәсіптік жобалар жұмысының нәтижелері қаралды.


Жиында мемлекетаралық су қатынастарын кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Тараптар қалыптасқан әріптестік жоғары деңгейде екеніне тоқталып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауға және өзара іс-қимылды одан әрі күшейтуге дайын екендерін растады. Бұл, басқа ортақ мәселелер қатарында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқаруға және пайдалануға қатысты да айтылды.


Әлихан Смайылов Қазақстан Өзбекстанмен стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.



«Мемлекет басшыларымыздың ерік-жігерінің арқасында біздің өзара іс-қимылымыз бүкіл өңір үшін үлгі болды», — деді Үкімет басшысы.



Премьер-Министрдің айтуынша, Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылы тауар айналымының көлемі жоспарланған $5 млрд-қа жетті. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда да жақсы нәтиже көрсетіп, $4,1 млрд-ты құрады.



«Біздің алдымызда тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізу міндеті тұр, сондықтан сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Қазақстан Үкіметі белгіленген барлық мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.



Өз кезегінде Абдулла Арипов Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік достық пен тату көршілік және өзара құрмет рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.



«Мемлекеттеріміздің басшылары екі ел арасындағы көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың нақты міндеттерін айқындады. Біз сіздермен бірге осы міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз», — деді Өзбекстан Премьер-Министрі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #келіссөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика