AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әлихан Смайылов Еуропаның IT университеттерін Қаза...

Әлихан Смайылов Еуропаның IT университеттерін Қазақстанға шақырды

Білім және ғылым 19.05.2023, 14:22 1,816 Almaty-akshamy
Әлихан Смайылов Еуропаның IT университеттерін Қазақстанға шақырды
Сурет: Ашық дереккөз

Microsoft корпорациясы Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашуға дайын


Қазақстан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Премьердің айтуынша, цифрландыру – экономиканы дамытудың негізгі драйверлерінің бірі. Қазақстан өзіне Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды.



«Былтыр еліміз Үкіметтер дамуының БҰҰ индексінде 28-ші орынға ие болды. Бұл – өңірдегі және ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанда цифрлық трансформацияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Біз банк жүйесін құрдық. Цифрлық коммерция да қарқынды дамып келеді», - деді Үкімет басшысы.



Әлихан Смайылов Microsoft корпорациясы Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашуға дайын екенін жеткізді. Ол Орталық Азия елдерінен бөлек, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Пәкістан елдерін де қамтитын болады.



«Осы тұрғыда Қазақстан «Global Gateway», «Team Europe» жобаларына және Еуропалық одақтың Орталық Азиямен цифрлық байланыс жөніндегі бастамасына белсенді қатысуға дайын. Қазақстан қазірдің өзінде еуропалық спутниктік компанияларға аймақтық хаб құру үшін алаң ұсынды. 2025 жылға қарай біз кем дегенде 100 мың білікті IT-маманын дайындауды жоспарлап отырмыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еуропалық IT университеттерін Қазақстанда өз филиалдарын ашуға шақырамын. Осылайша, Astana Hub технопаркі белсенді аймақ ретінде ыңғайлы алаңға айнала алады», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #IT университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);