AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюмен к...

Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді

Экономика 29.04.2022, 04:43 1,650
Әлихан Смайылов ЕҚДБ вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді
Сурет: Primeminister.kz

Онлайн-кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі жағдайды және ҚР Үкіметінің банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспарын талқылады.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде ЕҚДБ банктік операциялар жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

ҚР Премьер-Министрі теңгеге деген сенімді сақтау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзеге асырған шаралар туралы айтып берді.

Қазақстанның банк секторының елеулі капитал қоры бар екендігі атап өтілді, бұл теріс факторларға қарамастан банктерге тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, осы жылдың басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге (0,4%) 37,8 трлн теңге көрсеткішіне дейін өсті. Меншікті капитал 96 млрд теңгеге (2,1%) өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іске асырылып жатқан жобалар мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Анықтама: Еуропа қайта құру және даму банкі 1991 жылы құрылған, Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі елдердегі, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі жобаларды қаржыландыратын халықаралық қаржы ұйымы. Қазақстан бойынша 2021 жылы ЕҚДБ 18 жобаға 558 млн еуро инвестиция салды, оның 40%-ға жуығы жасыл экономикаға көшуге байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет басшысы #келіссөз #ЕҚДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);