Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алғыс айту күні құрметтеуді үйретіп, патриотизмге...

Алғыс айту күні құрметтеуді үйретіп, патриотизмге үндеп, бірлікті нығайтады

Барлығы 26.02.2026, 14:26 876
Алғыс айту күні құрметтеуді үйретіп, патриотизмге үндеп, бірлікті нығайтады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ұйымын басқаратын Долқынтай Әлиев бұл мерекенің қоғамдық келісімді, ұлтаралық бірлікті нығайтудың және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды құралы екенін атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алғыс айту күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысқан баспасөз конференциясы болып өтті.

Оның айтуынша, бұл жай ғана дәстүрлі мереке емес, аға буыннан жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды жеткізуге ықпал ететін маңызды қоғамдық оқиға. Осындай іс-шаралар аясында жастарға заңға, еңбекке, отбасы мен мемлекетке құрметпен қараудың негіздері түсіндіріледі.

«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының рөліне ерекше мән беріледі. Ата-аналар мен үлкендер жастарға үлгі болып, ұлттық дәстүрге, мәдениет пен ел тарихына құрметпен қарауды үйренуі тиіс. Бүгінде дәстүрді сақтап қана қоймай, оларды заманға бейімдеу қажеттігі де туды. Сонда жастар ел өміріне белсене араласып, өздерінсіз іс бітпейтінін түсіне бастады», — дейді ол.

Сонымен қатар, Долқынтай Әлиев қоғамдық және мәдени іс-шаралар жастардың бойында жауапкершілік сезімін, азаматтық ұстанымды және жасампаз еңбекке ұмтылысты қалыптастыруға ықпал ететінін айтты. Оның пікірінше, дәл осындай жұмыстар арқылы бейбітшілікке ұмтылып, дамуға бет түзеген ұрпақ тәрбиелеуге болады.

«Бұл күн алғыс айтуды үйретеді. Ата-ананы, үлкенді, ұстаздар мен тәлімгерлерді қадірлеп, құрметтеу керек. Бізге қолдау көрсетіп, білім берген жандардың барлығы алғысқа лайықты», — деп түйіндеді ол өз сөзін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алғыс айту күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика