Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әлеуметтік тұрақтылық – қала тіршілігінің өзегі

Әлеуметтік тұрақтылық – қала тіршілігінің өзегі

Барлығы 23.12.2025, 15:48 374
Әлеуметтік тұрақтылық – қала тіршілігінің өзегі
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының әлеуметтік дамуы қала үшін басым бағыт болып қала береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Қаланың өркендеуі тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ең алдымен халықтың өмір сүру сапасымен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік даму – қала тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың басты тетігі.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардың дамуы – әрбір адамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты. Балалардың сапалы білім алуы, тұрғындардың қолжетімді медицинаға жүгінуі, көпбалалы отбасылар мен қарттардың әлеуметтік қорғалуы – бұның бәрі қалада әлеуметтік теңдік пен тұрақтылықты қалыптастырады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, жаңа мектептер мен ауруханалар салу, балабақша орындарын көбейту, қоғамдық көлікті жетілдіру – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, оларға жайлы орта қалыптастырады. Бұл тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, азаматтардың болашаққа сеніммен қарауына, қоғамдағы белсенділігі мен жауапкершілігінің артуына да ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік даму – тек әкімшілік мақсат емес, ол – халықтың жүрегіне жол табатын ең маңызды стратегиялық басымдық.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Алматыда білім беру және медициналық мекемелер желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Жақын уақытта 16 жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларда 10 000 қосымша орын ашуға мемлекеттік тапсырыс бар. Аталған шаралар 2030 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 99 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Алматы мектеп стандартына» сәйкес, оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту мақсатында алдағы 5 жылда 16 мектеп пен 7 қосымша ғимарат салу көзделген.

«Денсаулық сақтау саласында бірыңғай стандартқа сәйкес қаладағы 475 мың тұрғынды медициналық қызметпен қамтитын медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 11 нысан салынады. Сонымен қатар 3 перзентхананың, 2 заманауи стационардың, сондай-ақ 250 орынға арналған хоспис пен СПИД орталығының құрылысы басталады. Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында 4 негізгі стационар мен 2 клиникалық ауруханаға ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 1,5 млн тұрғынды қамтитын 16 қосымша жедел медициналық жәрдем станциясы салынады», – деді Дархан Сатыбалды.

Қаланың әлеуметтік дамуы – тұрғындардың күнделікті өмір сапасының басты көреткіші. Әлеуметтік салаға жұмсалған әрбір инвестиция – тұрғындардың денсаулығы мен болашағына бағытталған қадам. Білім мен медицинаға, мәдениет пен әлеуметтік қолдауға басымдық беру  әр азаматтың өзін қауіпсіз, бағалы әрі қажет сезінуіне жол ашады. Сондықтан да әлеуметтік даму тұрақты, өркениетті қоғамның негізі болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік инфрақұрылым #қала тіршілігі #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27

Қазақстанда әкелер 18 млрд теңге алимент төлемей жүр

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика